Балалар жылы



Дата28.07.2022
өлшемі24,13 Kb.
#37949
Байланысты:
мақала. Балалар жылы



Макала
Балалар жылы
Қоғам күн сайын дамып, жанданып отыратын құбылыс. Күніне сан мың акпаратты қабылдап, сан мың жаңа технологияларды көріп жатамыз. Мұның барлығы адам баласының уақытын тиімді өткізу үшін пайдалы болса, бүлдіршіндеріміз үшін аса қауіпті болып тұрғанын жасыра алмаймыз. Қоғамның жаңа бағытына жастар қауымынан қарағанда, тал бесіктегі балалардың қызығушылығы әсте басым. Соның салдарынан бүгінде көптеген психологиялық ауытқушылықтар мен не бір ұлттық қасиетке жат мінездер көбейіп барады. Бүгінгі бүлдіршіндер -ертеңгі ел тірегі, ұлт болашағы, мәңгілік Қазакстанды жасаушы. "Ұлт боламын десең бесігіңді түзе" демей ме дана халқымыз? Олай болса, болашағымыз жарқын болсын десек, қазіргі уақыттан бастап әр баланың саналы адам ретінде қалыптасуына аса мән беруіміз керек. Қоғамда болып жатқан осыншама жағдайлардан болар, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да биылғы жылды "Балалар жылы" деп жариялай отырып, ерекше назар аудару керек екенін тілге тиек етті. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар мен реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек»- деген болатын өз жолдауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Бүгінде балалардың қызығушылығын арттыраты орталықтар мен қоғамдық мекемелер жоқтың қасы. Сонда балалар бос уақытында немен айналысады? Әрине уақытының көп бөлігін әлеуметтік желілерде отырумен сарп етеді. Қаншалықты өкінішті болса да, бұған кінәлі балалар емес. Себебі, бүгінгі заманның жастары дәл осыдан 5 жыл бұрынғы балалармен салыстыруға мүлдем келмейді.Себебі олар топырақтан тамақ әзірлеп, көрші балалармен жиналып ақсүйек ойнамайды. Олардың ойлау қабілеті мен қажет ететін технологиялары мүлдем басқа. Сондықтан бүгінгі қоғам оларға өз қызығушылықтарын бере алатындай, уақыттарын текке өткізе алмайтындай жағдай жасауы керек. Мінекей, президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының айтқысы келетіні де осы. Бүгінгі бүлдіршіндер, робот құрастыру секілді жаңа заман технологияларына аса қатты қызығады. Неге сондай орталықтар, үйірмелер ашпасқа? Меніңше барлық бала атаулысы қуана баратын еді. Сонымен қатар олар көгілдір экраннан көрінуді де арман тұтады, неліктен барлық аудандарда қол жетімді болатындай, актерлік шеберлікке баулитын үйірмелер болмасқа? Меніңше мұндай үйірмелер қатары еш уақытта бос қалмайды, себебі заман талабы соны қажет етеді.Ресми деректерге сүйенсек елімізде барлығы 6 млн 109 мың бала бар екен. Дәл қазір «бүлдіршін» болғанымен, бұлардың барлығы еліміздің келешегін жасаушы ұрпақ. Солай емес пе? 6 млн қазақ балалары қазір не нәрсемен айналысып жүр? Арман- максаттары қандай? Болашаққа деген ұмтылыс пен сенім балалық шақтан бастау алатыны белгілі. Олай болса бүгінгі күннен бастап әр бала дұрыс армандау үшін дұрыс қоғам қалыптастыру керек. Бір заманның балалары «жазушы болам» деді, одан бертіндері « президент болам» деді, ал қазір «блогер» болуды мақсат тұтады. Ащы болса да шындық осы. Президеніміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауына назар салсаңыз, балалар жылы деп мерекелік шараларды көп өткізуді емес, олардың білімі мен денсаулығына баса назар аудару керектігін байқайсыз. «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан бала­ларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағы­тында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» дей отыра ел басшысы өз жолдауында «Балалар жылы» деп жариялауының негізгі мақсаты мен міндетін толық ашып берді. Бүгінгі балалар әдебиеті, балаларға арналған сауықтыру орталықтары ел болашағын құрайтын бүлдіршіндердің уақыт өткізер ермегі болуға тиіс. Ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіре отырып біз олардан болашақ жазушы, болашақ ел басшысы, болашақ ұстаз тәрбиелеп жатырмыз. Баланың дұрыс ойлап, шексіз армандауына ата-ананың алар орны қаншалықты маңызды болса, қоғамның да берер маңызы соншалықты. Олай болса, ұлтымызды ұлы діңгегін қалап, көк туымызды желбіретер ел жастарына қазіргі таңнан бастап баса назар аударып, тәрбие мен біліміне мән берген абзал.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет