Балалар ұжымы және оның белгілері



бет1/2
Дата25.06.2022
өлшемі22,36 Kb.
#37296
  1   2
Байланысты:
Б.м. педагогика 7 тапсырма


  1. Балалар ұжымы және оның белгілері.

Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы- мектеп ұжымы баланы
дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар
ұжымы-бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың
мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше ӛзара байланысты оқушылар
ұжымдарының типтері пайда болады. олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн
тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың
барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды
құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен
мызғымас байланыстылығын кӛрсетеді.
Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан
оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту мен
тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта
айтқанда ұжым-тәрбиенің маңызды құралы.


  1. Балалар ұжымының даму кезеңдері.

Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму кезеңдерін
айқындаған А.С.Макаренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, ісәрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне
байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды. Талап іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті нақты міндеттер.
Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге
тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген оқушылардың жоғарғы сыныптарында болуы мүмкін.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену
керек. Ұжым өміріне мұндай тәсіл сынып белсенді жұмыс істейтін оқушылар
тобын кӛбейтуге және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне
әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жӛн:
- ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау;
- ұжым іс-әрекетінің дамуы;
- жеке адам арасындағы қарым-қатынас іскерлік және гуманистік
қатынастардың пайда болуы;
- барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бӛлінуі.
Бұл кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі- оқушылардың ұжымдық ісәрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-әрекетеріне қатыстыру, ұжымды
балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, яғни сынып жетекшісінің
ұйымдастырушылық қызметінен тұрақты ұжым органдарына кӛшеді.
Сондықтан бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне кӛмектесу, іс-әрекеттерін бақылау т.б.
Мұғалімнің қызметі-коммуникативті, яғни балалармен байланыс жасау,
ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді
орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі
қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің
дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі деректерді, құбылыстарды
бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның ӛрлеу кезеңі.
Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың
арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда
тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына,
мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға
бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет