«Балалар жұқпалы аурулары» пәні бойынша резиденттерге арналған тест сұрақтары (600)



бет1/9
Дата08.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80437
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тесты-дет.инф.бол.-Педиатрия-каз


«Балалар жұқпалы аурулары» пәні бойынша резиденттерге арналған тест сұрақтары (600)

~ Тамақ кулінің токсикалық түрімен ауырған науқаста, ауруының 8-9 күні іші ауырып, құса бастады, бұл... дамуы


| токсикалық миокардиттің +
| жіті ішек инфекциясының
| күлдің арнайы панкреатитінің
| токсикалық гепатиттің
| реактивті перитониттің
~ Педиатрдың қабылдауында вирусты гепатитпен ауырып жазылып шыққан балада 3-айдан соң қанында анти-HBs анықталды. Диагноз қойыңыз:
| ВГВ кешіккен реконвалесценция+
| HBsAg тасымалдаушы
| ВГВ созылыңқы ағымы
| созылмалы ВГВ
| ВГВ жеделдеу ағымды
~ Ауруханада жедел ВГВ, рековалесценция кезеңі ДЗ-мен жатқан баланың жағдайы нашарлап сарғаюы артты. Қанында анти ВГД бірінші рет анықталды.
Ең ыіғайлы диагноз:
| ВГВ + ВГД (коинфекция) +
| ВГВ + ВГД ( суперинфекция)
| ВГВ + ВГД тасымалдаушы
| ВГД + HBsAg тасымалдаушы
| ВГВ + ВГД +ВГА
~ Бала жедел ауырып, дене қызбасы 37,6 С-ға көтеріліп, 2-ші күні денесі мен аяқ-қолдарында ақшыл қызғыш бөртпелер аяқ қолдың жиылу жағына пайда болып, катаральді баспа дамыды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, бөртпелер бір тәуліктен соң жоғалды. Бірақ бала 7-күннен соң мазасызданып, 8-і күні құлағынан іріңді бөлінділер ақты. Ауруынан бір апта бұрын бала баспамен ауырған ағайын ағасымен бірге болған.
Сіздің диагнозіңіз:
| Жәншәу, типті жеңіл түрі, іріңді отитпен асқынған+
| Жіті тонзиллит + іріңді отит
| Жәншәу, септикалық түрі, іріңді отит
| Аллергиялық дерматит. Іріңді отит
| Энтеровирусті инфекция
~ 1 жастағы ауруханада "көкжөтелмен", жатқан балада 10-15 ретке дейін ұстамасы, ал реприздері 10 ретке дейін. Бір рет апноэ болды. Бұл науқастың ауырлығын анықтағанда басты белгі болып ...болып табылады.
| апноэ+
| жөтел ұстамасының жиілігі
| реприз саны
| қақырығының болуы
| жөтелдің бір ұстамасына реприз саны
~ Баланың туылғанына 7сағат, жағдайы қанағаттанарлық, баланың арқа терісі мен құлағында бірен-саран әлсіз везикулалар анықталды. Өмірінің 2-ші күні басы мен бөксесінде жаңа элементті везикулалар пайда болған. Анасы 16күн босануға дейін желшешек ауруын өткізген. Диагноз қойыңыз:
| Тума желшешек, жеңіл формасы+
| Тума сифилис
| Ұшық инфекциясы
| Тума желшешек, жайылмалы формасы
| Жаңа туған нәрестегі везикуло-пустылез
~ Жұқпалы аурухананың қабылдау бөліміне 5жастағы бала түсті. Ауруының 7күні интоксикация белгілері анықталды, алдыңғы мойын лимфа түйіндері 4 дәрежеге дейін ұлғайған, пальпацияда аздап ауырсынады. Бадамша бездері ұлғайған, іріңді бөлінді. Ауруының барлық күнінде қызб| Пенициллин емнен жағдайы жақсармады.Баланың әлеуметтік жағдайы төмен, жертөлесі бар үйде тұрады, тышқан, мысық бар. Қай ауру туралы ойлауға болады:
| Листериоз+
| Лакунарлы баспа
| Жәншау
| Фелиноз
| Ку қызбасы
~ Баланың эпид.анамнезінен: отбасында бірнеше адам тұмаумен ауырған. 2жасар бала ауырды, түнде дене температурасы 40°С-қа көтерілген, көп реттік құсық болған. Таңертең қарағанда: бозғылт, бетінде, мойнында бірен-саран петехиалді элементтер, аңқасында аздаған гиперемия, шүйде бұлшық етінің ригидтілігі. Қызбасы бар. Қандай ауру туралы ойлауға болады:
| Грипп, менингит +
| Грипп токсикалық түрі
| Грипп субтоксикалық түрі
| Іріңді менингит
| Менингококцемия + менингит
~ Балада өмірінің 8-ші күні дене қызуы 39°С көтерілді. Бір реттік құсу, іш өту пайда болған. Келесі күні бет терісінде бірен-саран везикулалар пайда болған. Қарау кезінде ауруының 3ші күні дене қызуы 38°С, терісінде везикулалы бөртпе. Анасында босануынан 1 апта бұрын, ернінде , құлақ артында, денесінде бірен-саран везикулалы бөртпе болған. Болжам диагноз қойыңыз:
| Ұшық инфекциясы, жайылмалы формасы+
| Энтеровирусты инфекция
| Тума желшешек
| Белдемелі ұшық
| Тума сифилис
~ 5жасар бала үйінде ұзақ уақыт бойы инфекциялық мононуклеозбен ауыратын ағасымен контактіде болған, әлсіздікке, шаршағыштыққа,аздаған тамағының ауырсынуына шағымданады. Қарау кезінде мойын лимфа түйіндері ұлғайған, аңқасында қызару анықталған, 1апта бойы ауырады. Болжам диагнозға тән белгілер:
| бауыры мен көкбауырының ұлғаюы+
| мойын лимфа түйіндерінің іріңдеуі
| сфинктерит дамуы
| менингеалды белгілердің пайда болуы
| падалка симптомының пайда болуы
~ Бала 10жаста, ауруы жедел дене қызуымен 39,0°С көтерілуімен, интоксикация белгілерімен қоса диспепсия дамыған. Ауруының 4ші күні бетінің және мойынының ісігі мен гиперемиясы байқалып, көзінің склерасының қанталануы болған. Тілі таңқурай түсті. Аяқ-қолдарында папулезді-дақты бөртпелер. Гепатоспленомегалия. Болжам диагнозыңыз:
| Псевдотуберкулез+
| Қызылша
| Жәншау
| Энтеровирусты инфекция
| Коллагеноз
~ Бала 3 жаста, ауруының 4-ші күні дене қызуы 37,2°С, терісі бозғылт, әлсіз. Мойын май қабатының ісігі 2-ші мойын қатпарына дейін. Жұтқыншақтың жұмсақ тіні ісінген, бадамша бездері тығыз ақ жабындымен жабылған. Бала аллергиясына байланысты екпе алмаған. Диагноз қойыңыз:
| Жұтқыншақ күлі, токсикалық формасы+
| Жұтқыншақ күлі, жергілікті формасы
| Лакунарлы баспа
| Аллергиялық реакция
| Паротитті инфекция
~ 5жасар қыз бала ауруының 6шы күні типтік қызылша ауруында бірден естен танады, құрысу болған. Тынысы сырылды, жүрек үндері тұйықталған, пульсі жиі, жұмсақ. Акроцианоз. Көз қарашықтары кеңейген. Менигеалды белгілері жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
| Қызылша энцефалиті+
| Қызылша+ менингококкты инфекция
| Қызылша + миға қан құйылу
| Қызылша + көлемді процесс
| Қызылша, ауыр форм|
~ Қыз бала 12 жаста, сыныпта паротитпен ауырған баламен қатынаста болған. Құлақ маңы бездері ісініп, ауырсынған. Дене қызуы субфебрильді. Келесі күні жақтың төменгі аймағының екі жағында ісіну пайда болды, дене қызуы 37,6-38,2 С. Ауруының 5-ші күні іште белдемелі ауырсыну, жиі құсу пайда болды. Қарау кезінде менингиальды белгілер теріс, іштің тітіркену симптомы жоқ, нәжісі 1 рет энтеритті түрде. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Сіздің диагнозыңыз:
| Паротит инфекциясының безді түрі: паротит, субмаксилит+панкреатит+
| Паротит, субмаксилит+сальмонеллез
| Паротит+менингит
| Паротит+жедел холецистит
| Паротит+жедел аппендицит
~ Бала 4 айлық жедел ауырды дене қызуы 38 С дейін. Сұйықтық пен тамақтан кейін қайталамалы құсу, нәжісі тәулігіне 8 рет қою-жасыл түсте, «батпақ мүгі» тәрізді. Қарау кезінде жағдайы ауыр, мазасыз, шөлдеуі айқын. Терісі бозғылт түсте, периорбитальді цианоз, еріндері құрғақ, ашық қызыл түсте.Үлкен еңбегі түсіңкі, жүрек үндері тұйықталған. Іші кебіңкі, аш ішектің шорылы естіледі. Сіздің диагнозыңыз:
| Сальмонеллез+
| Шигеллез
| Паратиф В
| Эшерихиоз
| Вирусты диарея
~ Педиатр қабылдауында 1,5 жасар бала, анасының шағымдары: әлсіздік, қалтырау, дене қызуы субфебрильді, мұрынның бітуі, мұрын асты терісінің мацерациясы, алғашқыды сулы-геморрагиялық бөлінді бір мұрыннан, кейіннен екінші мұрыннан. Мұрнында жаралар, эрозиялар бар. Ауырғанына 10 күннен асты. Сіздің диагнозыңыз:
| Мұрын күлі+
| Парагрипп
| Риновирусты инфекция
| Мұрынның бөгде заты
| Аллергиялық ринит
~ Дәрігер шақыруымен 2 жасар балада әлсіздік, қалтырау, температурасы субфебрильді, алғашқыда оң көзінің ісінуі, кейін сол көзі ісінді, қабақ терісі қызарған, қабақтың шырышты қабатында күлгін түсті жабынды, оңай алынбайды, жабынды алынған соң қансырайды. Сіздің диагнозыңыз:
| Көз күлі+
| Аденовирусты инфекция
| Көздің бөгде заты
| Электрофтальмия
| Листериоз, көзді-безді формасы
~ Бала 2 жаста мазасызданады,қалтырау,дене қызуы субфебрильді,басында оң көзінің ісінуі, артынан екінші көзі қосылған,қабағының терісі гиперемияланған, қабағының шырышты қабаты сұр жабындымен жабылған,қиын алынатын, алғанда қанайды. Сіздің диагнозыңыз:
| Көз дифтериясы+
| Аденовирусты инфекция
| Аллергиялық коньюктивит
| Туляремия
| Көз туберкулезі
~ 10 айлық балада ауру біртіндеп дене қызуының көтерілуімен үрмелі жөтелмен басталған, 4 ші күні баланың даусы шықпай қалды , даусы афониялық,бала тұншыға бастады, бұғана ойығы, қабырға-аралық бұлшық еттер ішке тартылып,ауыз мұрын үшбұрышы көгеруі тыныш тұрғанда дамыған.Тарылудың дәрежесін:
| 2дәрежесі+
| 1дәрежесі
| 3дәрежесі
| асфиксия
| тарылу жоқ
~ Бала дәрігерінің қабылдауында 4 жасар қыз жедел ауырған, дене қызуының жоғарылаған , қайталап құсқан ,екінші күні көз склерасының инъекциясы байқалып, бадамша безінде герпетикалық бөртпелер дамыған, аңқасы аздап қызарған, үлкен дәреті 3ретке дейін, сұйық М жиілеген .Диагноз қойыңыз;
| Энтеровирусты инфекция+
| Менингоккокты инфекция
| ЖРВИ
| Герпетикалық инфекция
| Ішек инфекциясы
~ Бала 2 жаста ауыр ағымды тұмаумен ауырған. Ауруының 6-шы күні балада дене қызуы 39 дейін котерілген,бала мазасыз, көңіл күйі бұзылған,бас ауруымен құсу қайталанған,артынан құрысу болып,есін жоғалтқан.Гемограммада лейкопения , лифоцитоз,этж жоғары.
Сіздің диагнозыңыз:
| Тұмау,менингоэнцефалитпен асқынған+
| Тұмау,нейротоксикоз
| Тұмау,менингитпен асқынған
| Менингококкты менингит
| Менингококкты менингоэнцефалит
~ Бала 11 айлық, ауыр ағымды тұмаумен ауырған . Аурудың алтыншы күні балада дене қызуы қайта 39-ға жоғарылаған , бала мазасыз, көңіл күйі бұзылған,бас ауруымен құсу қайталанған,артынан құрысу болып,есін жоғалтқан.Гемограммада лейкопения , лифоцитоз,этж жоғарылауы,Ликворограммада 120 -жасуша,лимфоциттер -100%, қант қалыпты, белок аздап жоғарылаған. Сіздің диагнозыңыз:
| Тұмау,менингоэнцефалитпен асқынған+
| Тұмау,нейротоксикоз
| Менингококкты инфекция,менингит
| Серозды менингит
| Менингококкты менингоэнцефалит
~ Ауру басталғаннан 2 сағаттан кейін балада денесінде гемморагиялық бөртпе пайда болған,еріннің көгеруі ,ентігу,АҚҚ-қалыпты,тахикардия, дене қызуы 40-С, гиперестезия,қозғыш. Диурезі сақталған. Сіздің диагнозыңыз:
| Менингококкті инфекция, менингококцемия, өте жедел түрі, ИТШ 1+
| Менингококкті инфекция, менингококцемия, өте жедел түрі, ИТШ 2
| Менингококкті инфекция, менингококцемия, өте жедел түрі, ИТШ 3
| Геморрагиялық васкулит
| Тұмау, гипертоксикалық түрі
~ Ауру басталғаннан 2 сағаттан кейін балада денесінде гемморагиялық бөртпе пайда болған,еріннің көгеруі ,ентігу,АҚҚ-қалыпты,тахикардия , дене қызуы 40-С, гиперестезия,қозғыш. Диурезі сақталған. Госпитальді этапта дейінгі жасалатын антибиотик:
| левомецитин сукцинат+
| пенициллин
| гентамицин
| бисептолс
| меропенем
~ Бала листериоздың септикалық- баспа түрі диагнозымен госпитализацияланып 2-ші күни балада қозғыштық, нистагм, патологиялық рефлекстермен қоса көп реттік құсу,гиперестезия. ...туралы ойлауға болады.
| Менингоэнцефалит+
| Менингит
| ИТШ
| Сепсис
| Миға қан құйылу
~ 14 жасар қыз балада бас ауруы,жүрек айну,құсу,іші өтпеген. Ауруының екинши күні тамағында бөгде затты сезінуі ,даусының қарлығуы ,маңқаланып сөйлейді.көзіне заттар қосарланып көрінген.Тыныштыкта тыныс жетіспеушілігі дамып, тынысы тоқтап қалған. Осы ауруы алдында қонақта болған.Сіздің диагнозыңыз:
| Ботулизм,ауыр түрі+
| Диареядан кейінгі полиневрит
| Полиомиелит,аралас бульбоспинальді түрі
| Тағам токсикоинфекциясы,ауыр түрі
| ЭВИ полиомиелитті түрі
~ 10 күндік нәресте,қабағының қызаруына, екі көзінен ірің бөлінуі туылғаннан 5-ші күні пайда болған, дене қызуы қалыпты сандарда,көңіл күйі бұзылмаған,көзінің өтпелі қатпар аймағында айқын қызыл фолликулалар,іріңді бөлініспен,құлақ аймағындағы лимфа түйіндер ұлғайған. Хламидиялы инфекция кұдік туып отыр . Мына қосымша мәліметтер:... осы диагнозға септігін тигізеді.
| анасында саңырауқұлаққа қарсы препараттарға емге келмейтін қайталамалы кольпит+
| жуктілік кезінде антибактериальді препараттарды қайталама курстармен қабылдауы
| ашытқылы кольпиттің болуы
| үй жануарлары(мысық)мен тығыз қатынаста болуы
| жуктілік кезінде көзінің зақымдалуы
~ Анасының айтуы бойынша ,8 жасар баласында аурудың 7 күні бас айналуына, түсініксіз сөзіне,жүрісінің бұзылуына, басын ұстамауына шағымданады, 3апта бұрын әкесі герпесті инфекциямен ауырған.Қарағанда шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі байқалады,бүкіл денесінде кепкен везикулалар және қабыршақтар. Сіздің диагноз:
| Желшешекті менингоэнцефалит+
| Герпетикалық менингоэнцефалит
| Кене энцефалиті
| Полирадикулоневрит,синдром Ландри
| Энтеровирус этиологиялы серозды менингит
~ Балалар емханасына 13 жасар бала , құсу ,көзі мен терісінің сарғаюына шағымданады,Т- 37,5. Екі күн бұрын ауылдан келген,ол жерде үлкендер мен балалар сары аурумен ауырған ,бір жүкті әйел қайтыс болған. Қарағанда гепатомегалия, сарғыштық, зәрінің қоюлануы. Болжам диагнозыңыз:
| Вирусты гепатит Е+
| Вирусты гепатит А
| Вирусты гепатит В
| Вирусты гепатит с
| Вирусты гепатит Д
~ Үйде қарау кезінде 4 жасар балада Т- 39 С,суйық нәжісі жасыл тусті көп көлемді шырышпен. 2-ші күни тенезмдер қосылған, нәжісі қан аралас. Іші тартылып тұр сигма тырысып тұр. Диагнозыңыз:
| Шигеллез+
| Эшерихиоз
| Сальионеллез
| Кампилобактериоз
| Амебиаз
~ 8 айлық бала қабылдау бөлімінде Т-39,0, сұйық аз мөлшерде нәжіс шырыш аралас, ерні құрғақ,әр дефекация кезінде беттің қызаруы мен көз жасаурауы болады. Іші аздап керілген,сол жақ мықын аймағында ауырсыну.Сіздің диагнозыңыз
| ЖІИ, инвазивті диарея+
| ЖІИ,секреторлы диарея
| Ротавирусты гастроэнтерит
| Холера
| Стафилококкты гастроэнтерит
~ Бала 3 жаста жедел ауырды. Энтеритті сипатты сұйық нәжіс пайда болды, нәжісі 20-30 ретке дейін жиілеп, күріш қайнатпасы тәрізді, температурасы қалыпты.Эпид анамнезінен 3 күн бұрын анасымен Индиядан келген . Болжам диагноз:
| Холера+
| Сальмонеллез
| Шигеллез
| Ротавирусты гастроэнтерит
| Стаффилококкты гастроэнтерит
~ Бала холера диагнозымен ;балада АҚ төмендеген,тері қабатының цианозы ентігу, зәр шығаруы аз ,беті үшкірлеген,көзі шүңірейген, «кір жууғыш» қолы. Бұл баладағы жағдайының ауырлығы ... байланысты.
| сусызданумен+
| нейротоксикозбен
| тыныс жетіспеушілігімен
| ИТШ пен
| жүрек жетіспеушілігімен
~ Отбасында мектеп жасындағы 2баласы ұзақ жөтелген,бірақ көңіл күйлері бұзылмаған, дене қызуы қалыпты, мектепке барып жүрген. Олардың 1жасар інісі ауырды, АКДС екпесінің 1-ін ғана алған. Дене қызуы субфебрильді, жеңіл мұрыннан су ағады, бетінің қызаруымен құрғақ жөтеледі , жөтелі түнде жиі болады. Аңқасы қызарыңқы. Өкпесінде үнемі емес құрғақ сырыл. Дәрігер көкжөтелге күмәнді. Диагнозды анықтайын зерттеуге жатпайды:
| BL-ға жұғынды алу+
| мұрын -жұтқыншақ шырышын Борде-Жанга таяқшасына бак себінді
| жалпы қан анализі
| кеуде клеткасының R-графиясы
| жалпы зәр анализі
~ 1,5 жасар балаға Күл, тыныс жолдарының тарылуы III дәрежесі диагнозі қойылды. Қажетті ем:
| ПДС, ИВЛ +
| АКДС
| антибиотик
| антигистаминді препараттар
| диакарб, манитол к/т ішіне
~ 2айлық балада айқын экспираторлы ентікпе катаральді белгілері шамалы. БАБЖ бойынша бірінші қолданылылатын препарат:
| сальбутамол+
| пенициллин
| гентамицин
| мукалтин
| преднизолон
~ 10 жасар балада инфекциялық мононуклеоз, ауруының 12-13күні. Қан анализіне тән көрініс :
| лимфоцитоз, моноцитоз, атипті мононуклеарлар лейкопения фонында+
| лейкоциттер қалыпты, абсолютті нейтропения, атипті мононуклеар
| лейкоцитоз, абсолютті және салыстырмалы лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар
| лейкоцитоз, эозинофилия, абсолютті және салыстырмалы нейтрофилез
| лейкоциттер қалыпты, абсолютті лимфопения, атипті мононуклеар
~ Балаға : паротит инфекциясы жасырын кезеңі диагнозы қойылды. Диагнозын анықтауда: А. Қанда спецификалық антидене Ig M титрінің жоғарлауы; Б. Қанда спецификалық антидене Ig G титрінің жоғарылауы; В. ПТР әдісімен РНК вирусының анықталуы; Г. ПТР әдісімен ДНК вирусының анықталуы; Д. Лабораторлы анықтау қажет емес.
| А,В +
| В,Г
| Б,Г,Д
| А,Б,В
| А,Б,В,Г,Д
~ АИТВ – анадан туған нәрестеде АИТВ диагнозіне күдікті дәлелдейтін анализ:
| ПТР-де АИТВ РНК-сының анықталуы +
| ИФА-да АИТВ-ға антидене анықталуы
| РПГА-да АИТВ-ға антидене анықталуы
| АИТВ-ның ортада бөлінуі
| Т лимфоциттердің төмендеуі
~ 12жасар қыз бала, тамыр арқылы наша қолданады, АИТВ – инфекциясы, III сатысы анықталды. Перифериялық қанға тән көрсеткіштер:
| лейкопения, лимфопения, анемия, ЭТЖ жоғарылауы +
| лейкоцитоз, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы
| лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы
| лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ қалыпты
| лейкоцитоз, эозинофилия, ЭТЖ қалыпты
~ «Вирусты гепатит» диагнозымен ауруханаға жатқызылған балада иерсиниоз күдік туғызды. ... симптомдары негізінде:
А. қысқа уақытты қызба;
Б. ұзақ уақытты қызба;
В.айқын сарғаю;
Г.терісінде бөртпенің болуы;
Д. бауыр-клеткалық ферменттердің активтілігі төмендеуі
| Б,Г,Д+
| А,Б,В
| В,Г,Д
| А, Б,Г,Д
| А,Б,В,Г,Д
~ «Лептоспироз» диагнозымен ауруханаға жатқызылған балада « атипті мононуклеарлар» анықталды. Инфекциялық мононуклеозбен ажыратудағы осы инфекцияға тән белгілер:
А. артқы-мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы
Б. бүйрек зақымдалуының болмауы
В. айқын миалгия
Г. склерит
Д. миалгия болмауы
| А,Б,Д+
| А,Г
| Б,Г,Д
| В,Г,Д
| Б,В,Г
~ 8 айлық баланың ауруының 2-ші күні дәрігер «ЖРВИ круп синдромы, көмей стенозының 1 дәрежесі» диагнозы қойылды.Учаскелік дәрігер тактикасы:
| жұқпалы ауруханаға жатқызу+
| үй жағдайында болу мүмкін асқынулар туралы кеңес беру
| преднизолон бұлшық етке жасау және үйде қалдыру
| бөлім меңгерушісімен бірге қарау
| ингаляция жасау, преднизолон б/е, жұқпалы ауруханаға жатқызу
~ 20күндік нәрестеде хламидиялық пневмонияға күмәнді. Диагнозды нақтылайтын лабораториялық тексерулер:
| Қанның ИФА анти-Chlamydia trachomatis IgM анықталуы +
| Қанның ИФА анти-Chlamydia trachomatis IgG анықталуы
| гемограмма
| РПГА хламидиялық диагностикуммен
| хламидияның қалың тамшы анализінде анықталуы
~ 5жасар қыз клиникаға мынадай диагнозбен түсті: паротит инфекциясы, комбинирленген түрі: паротит + менингит. Ең маңызды диагностикасын көрсет:
| люмбальді пункция +
| жалпы қан анализі
| зәр тексеруде диастазаны анықтау
| қан тексеруде диастазаны анықтау
| компьютерлі томография
~ 5жасар қыз клиникаға мынадай диагнозбен түсті: паротит инфекциясы, комбинирленген форма: паротит + менингит, орташа ауырлық. Ем тағайындаңыз:
| Зақымдалған аймаққа құрғақ жылы қою және дегидратациялық терапия +
| Зақымдалған аймаққа құрғақ жылу қою
| Антибактериалды терапия
| Гормондар
| Дегидратациялық терапия
~ Қабылдауда 4жасар балада: ауыз жұтқыншақ күлі, токсикалық , 2-ші дәрежелі ауырлық диагнозы қойылды. Сіздің терапияңыз:
| ПДС 80 мың. ХБ + пенициллин+
| ПДС 200 мың. ХБ
| Пенициллин 100 мың. ХБ/кг
| АКДС
| Күлдік анатоксин
~ 13жастағы жасөспірім вирусты гепатит Е-мен ауырады, жеңіл түрі. Ем тағайындаңыз:
| Базисті терапия +
| Режим төсектік, стол 5, гепатопротекторлар
| Режим төсектік, стол 5, антибиотиктер
| Базисті терапия+гормондар
| Базисті терапия, урсофальк, өт айдаушы препараттар
~ 11жасар балада: Менингококкты инфекция, менингоэнцефалит диагнозі қойылды. Антибиотик тағайындаңыз:
| Пенициллин +
| Цефтриаксон
| Интерферон, гормондар
| Ремантадин, тұмауға қарсы иммуноглобулин
| Левомицетин сукцинат
~ Отбасында «жұтқыншақ күлі жайылмалы түрімен» науқас анықталды. Науқасты оқшауланғаннан кейін ошақта жүргізілетін іс-шара:
| қатынаста болғандарды 7 күн бақылау, 16 жасқа дейінгі және жоғарғы жастағыларға АД-М бір рет егу, қатынастағы 3 және 16 жасқа дейінгі балаларға РПГА тексеру+
| дезинфекция, барлық қатынастағыларға АДС-М вакцинасы
| қатынаста болғандарды 21 күн бақылау
| қатынаста болғандарды 7 күн бақылау, 16 жасқа дейінгі және жоғары егілмегендерді
| АД-М –мен бір рет егу
~ 6 жаста қыз балаға «Жұтқыншақтың токсикалық күлі , ауырлығы -2 дәрежесі» диагнозы қойылды. Күлге қарсы енгізу сарысу дозасы:
| 80-90 мың. АЕ+
| 300-350 мың. АЕ
| 170-190. АЕ
| 200 мың. АЕ
| 250-300 мың. АЕ
~ Вирусты гепатит В диагнозымен ауруханаға жатқызылған балада ауруханаға жатқызылғанға 5 күн бұрын желшешекпен қатынаста болған. Вирусты гепатит орташа-ауырлық ағымда өтуде. Науқасқа жүргізілетін іс-шара:
| қарым- қатынастың 11-ші күніне дейін емдеп, кейін мельцер боксына ауыстыру+
| жедел үй жағдайында ем қабылдау
| жедел мельцер боксына ауыстыру
| баланы бөлімшенің жеке палатасында емдеу
| ВГВ-мен ауырған науқастармен бірге жалпы палатада емдеу
~ 3 жастағы балада 8 күннен бері әлсіздік, қалтырау, дене қызуы субфебрильді, мұрынның бітуі, мұрын асты терісінің мацерациясы, алғашқыды серозды-геморрагиялық бөлінді бір мұрыннан, кейіннен екінші мұрыннан. Мұрнында жаралар, эрозиялар. Дәрігер мұрын күліне күмәнданады. Диагнозды нақтылаушы тексерулер:
| мұрын және аңқадан Леффлер бацилласына жағынды+
| мұрын және аңқадан стафилакоккқа жағынды
| мұрын және аңқадан микобактерияға жағынды
| мұрын және аңқадан вирусқа жағынды
| жалпы қан анализі
~ 5жаста балаға "менингококкты инфекция, жайылмалы форм «Менингит»диагнозымен антибактериалды терапия – пенициллинмен емделді. Антибиотикті тоқтату критерийі:
| көңіл күйі жақсы, лимфацитарлы плеоцитоз, лимфацитарлы плеоцитоз 75-тен төмен емес және 100жасушадан көп емес +
| қалыпты температура, көңіл күйі жақсаруы, аралас плеоцитоз
| субфебрильді температура, көңіл күйі жақсы , лимфацитарлы плеоцитоз
| тек көңіл күйінің жақсаруна қараймыз
| қалыпты температура, көңіл күйі жақсы , пункция жасау керек емес
~ 10жасар баланы қайталамалы құсу мазалайды, басы ауырады, температурасы- 39°С, құрысу. Ауыз жұтқыншақта айқын гиперемия, дәнді, бадамша бездерінде – ұсақ везикулалар. Менингеалді белгілері анықталады.Нәжісі жиілеген. Диагноз қойыңыз:
| Энтеровирусті инфекция, менингит+
| Менингококкті менингит
| Тұмау, токсикалық форма + герпестік баспа
| ЖІИ, нейротоксикоз + герпес инфекциясы
| Полиомиелит, менингеалді түрі
~ 3жастағы балада ауруы дене қызуының 37,8°С көтерілуімен жедел басталған, әлсіз,тамақтан кейін қайталамалы құсады, дәрігер бауырдың ауырсынуымен ұлғайғанын байқады,4ші күні зәрі қоюланды, нәжісі ағарды.Бала бақшада соңғы 2-аптада ВГА жағдайы болған . Диагнозды нақтылайтын маркер:
| a/HAV - Ig M+
| HBsAg
| HBsAg + a/HDV - Ig M
| a/HBs
| a/HAV - Ig G
~ 5жасар баланың, ауруы дене қызуы 37,8°С-ге көтерілуімен жедел басталған,әлсіз,тамақтан кейін қайталамалы құсу, дәрігер бауырдың ауырсынуымен ұлғайғанын байқады. Вирусты гепатитті ерте анықтай мәлімет:
| АлАТ жоғарылауы+
| Нв азаюы
| АлАТ төмендеуі
| билирубин дәрежесінің жоғарылауы
| тимол сынамасының төмендеуі
~ Гепатит ошағынан балада бауырының айқын ұлғаюы байқалған, сарғаю
жоқ. Қанда АЛТ-2,0ммоль/л, анти- HAV ig M.Диагноз қойыңыз:
| ВГА, сарғаюсыз түрі+
| HAV тасмалдаушы
| ВГА, жеңіл түрі
| ВГА , инаппарантты түрі
| ВГА, созылмалы түрі
~ Бала үйінде вирусты гепатит А -ның жеңіл түрімен емделген.Диагнозы клиникалық және биохимиялық негізінде қойылған .Жазылғаннан кейін 3 айдан соң бала жоспарлы ортопедиялық операция алдында лабораторлы тексеруден өтті.Гепатит маркерлерінің нәтижесіне қарап , дәрігер балада вирусты гепатит А жоқ, вирусты гепатит В деген тұжырымға келді. Диагнозды дәлелдеуге көмектесетін маркерлар:
| HBeAg, HbsAg+
| a/HAV Ig M
| a/HAV Ig G
| a/HCV - ПЦР
| a/HDV - Ig G
~ Ерте жастағы бала вирусты гепатит В+Д (коинфекция) ауырған , аталған гепатиттердің маркерлерімен анықталған.Ауру ауыр түрде өтуде.Бауыр комасының диагностикасында ең көп мәлімет беретін функционалды ауытқулар:
| билирубин- ферментті диссоциация+
| билирубин- протеидті диссоциация
| бірден белоктың төмендеуі және сулема сынамасының түсуі
| протромбин индексінің бірден төмендеуі
| протромбин индексінің бірден жоғарылауы
~ Аурухананың қабылдауындағы балада жедел аппендицит диагнозы қойылған, анамнезінде баланың паротитті инфекциямен 13- күн бұрын қарым-қатынаста болғаны анықталған.Сіздің тактикаңыз:
| жедел хирургиялық көмек көрсетіп, хирургиялық стационардың боксталған бөлімшесіне жатқызу+
| баланы консультацияға жұқпалы ауруханаға жеткізу
| жалпы негізде госпитализациялау
| жедел хирургиялық көмек көрсетіп,жұқпалы ауруханаға ауыстыру
| хирургиялық стационардың боксталған бөлімшесіне жатқызу,жедел зәр анализін диастазаға тексеру
~ 7жасар балада, ауруының 8ші күні: Ауызжұтқыншақ күлінің токсикалық түрі, миокардит диагнозы қойылған. Бұл аурудағы кардиалды емес симптомдарды:
| бірден адинамия, анорексия, қайталамалы құсық, ішінің ауырсынуы, гепатомегалия+
| бөртпе бүкіл денесінде
| бірден адинамия, анорексия
| спленомегалия
| қайталамалы құсық, ішінің ауырсынуы, гепатомегалия
~ Бала 2жаста. Ауруының бірінші күні, Т - 40°С, үш рет құсқан,майда-ұсақ көк түсті эритематозды фонында қатпарларында басымырақ бөртпелер, бүгілетін буындарда дақты-папулезді петехиялар, ауыз-мұрын үшбұрышы ақшыл түсті, іріңді баспа, жүрек үндері тұйықталған, есі тежелген. Гепатомегалия. Сіздің диагнозыңыз:
| Жәншәу, ауыр токсикалық түрі +
| Тұмау, баспамен асқынған, аллергиялық бөртпе
| Энтеровирусты инфекция, аралас түрі
| Қызамық, ауыр түрі
| Иерсиниоз, жедел қызба түрі
~ 3айлық бала 3күннен бері дене температурасы субфебрилді, әлсіз, аздап жөтеледі, мұрыннан серозды-шырышты бөлінді, айқын емес конъюктивит. 4ші күні барлық симптомдары күшейген, дене қызуы 39°С, бетінде күлгін дақты-папулезді бөртпелер пайда болды, 5ші күні кеудесіне, кейінгі күні аяқ-қолдарына дейін бөртпе шыққан. Ауруының басталуының 10 күн алдын жөтел, аллергиялық бөртпесі бар туысқанымен контактіде болған. Анасы баланың инфекциялық аурулармен ауырмаған. Диагноз қойыңыз:
| Қызылша+
| Аденовирусная инфекция
| Иерсиниоз
| ЖРВИ+ аллергиялық бөртпе
| Энтеровирусты инфекция
~ 8 жастағы баланы 3 күннен бері жәншаудан ем қабылдауд| Ауруының 4-ші күні дене қызуы 38 С , бетінде, аяқтарында, денесінде ашық-қызыл түсте дақты-папулезді бөртпелер пайда болған, тері түсі өзгермеген. Лакунарлы баспа анықталды. Лимфа түйіндері бұршақ тәрізді ұлғайған. Аздап гепатолиенальді синдром, нәжісі жиі.Болжам диагнозыңыз:
| Иерсиниоз+
| Жәншау, ауыр формасы
| Инфекциялық мононуклеоз
|Вирусты гепатит В+Джанотти-Крости синдромы
| Сальмонеллез+қызамық
~ Бала 8 жаста, ауруының 15-16 күні ауруханаға түсті. Тері қабаты аздап сарғайған, склерасы интенсивті сарғайған. Бауыр пальпацияланады, 2-3-4 см-ге ұлғайған. Көкбауыр ұлғаймаған. Құсу, лоқсу және геморрагиялық белгілер жоқ. Зәрі қарайған, нәжісі түссіз, тәбеті қанағаттанарлық. Қанында Анти-HAV-IgM анықталды. Диагноз қойыңыз:
| ВГА,орташа ауыр түрі+
| ВГВ, жеңіл түрі
| ВГА, атипті түрі
| ВГА, ауыр түрі
| ВГД, жеңіл түрі
~ Балада туылғаннан 10 куннен бері тынысы шулы,жылағанда кушейеді.Дене қызуы қалыпты, катаральді белгілері жоқ. Әр мезгіл жөтеледі. Өкпесінде өткізбелі сырыл естіледі. Басқа жүйелерде өзгерістер жоқ.Болжам диагнозыңыз.
| Туа пайда болған стридор+
| ЖРВИ круп синдромы
| Тыныс жолдарының күлі, круп
| Жатырішілік пневмония
| Тыныс жолдарында бөгде дене
~ 10 жастағы балада инфекциялық мононуклеоз , ауруының 12-13 ші күнгі қандағы өзгерістерін көрсетіңіз:
| лимфоцитоз, моноцитоз, лейкопения фонындағы атипті мононуклеарлар+
| лейкоциттері қалыпты, абсолютті нейтропения, атипті мононуклеарлар
| лейкоцитоз, абсолютті және салыстырмалы лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар
| лейкоцитоз, эозинофилия, абсолютті және салыстырмалы нейтрофилез
| лейкоциттері қалыпты, абсолютті лимфопения, атипті мононуклеарлар
~ Егер науқаста токсикалық аңқа күлінде 8-9күні ішінің ауырсынуы мен қайталамалы құсу болса, бұл... дамуын айтады.
| токсикалық миокардиттің +
| спецификалық күл панкреатитінің
| токсикалық гепатиттің
| жіті ішек инфекциясының
| реактивті перитониттің
~ 1,5 жасар балаға: Күл, тыныс жолдарының тарылуы III дәрежесі диагноз қойылды. Тағайындалатын ем:
| ПДС, ИВЛ +
| АКДС
| антибиотиктер
| антигистаминді препараттар
| диакарб, манитол көк тамырға
~ 5 айлық балада айқын экспираторлы ентікпе катаральді белгілерінде. БАБЖ бойынша бірінші қолданылатын препарат:
| сальбутамол +
| пенициллин
| пентамицин
| мукалтин
| преднизолон

~ 12 жасар бала емханаға қаралуға келді. Әлсіздікке, шаршағыштыққа, жөтел мен мұрынынан сұйық бөліндігешағымданады, дене қызуы - 37,4 0С.


Қарауда өкпеде қатқыл тыныс, рентгенографияда екі жақ өкпеде үлкен емес инфильтративті көлеңке көрінеді. «ЖРА, пневмония» диагнозы қойылды. Пенициллинмен емдеу тағайындалды. Қайта рентгенологиялық зерттеуде (7күннен кейін) өкпедегі өзгерістер сақталған, бірақ орналасқан орны өзгерген. Науқастың терісінде бөртпелер мен қышыну пайда болған, дәрілік аллергия деп табылып, пенициллин тоқтатылып, супрастин тағайындалған. Науқаста субфебрилитет, жөтел, тері қышынуы сақталған, бөртпе азайған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет