Балалар мен жасөспірімдер денсаулық жағдайы және дене дамуы
Әр түрлі жастардағы балалардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері
Дене шынықтыру
Балалар мен жасөспірімдер денсаулық топтарын анықтау
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы- гигиена ғылымының бір саласы . Ол балалардың өсу кезіне,тәрбиеленуіне, өмір сүруіне,қоршаған ортаның әсерін зерттеп,олардың денсаулығының жақсы болып,физикалық және рухани жағынан жақсы дамып,жетілуі үшін шаралар ұсынады.
Біздің елімізде жастардың денсаулығына ,тәрбиесіне,білім алуына мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінген.Балаларға қызмет ететін нысандарға;
Балабақшалар
Жалпы білім беретін мектептер
Мектеп-интернаттар
Кәсіби-техникалық училищелер
Балаларға арналған спорт мектептері
Пионерлер үйі және т.б
Балалар мен жасөспірімдер денсаулық жағдайы және дене дамуы
Балалық кезде шартты түрде үш негізгі кезеңге бөлуге болады;
Туылғаннан 3 жасқа дейін-сәбилік кезең
Мектепке дейінгі кезең 3-7 жас аралығы
Мектеп кезеңі -7-18 жас аралығы
Сәбилік кезең –сәбидің өмірге келіп,бірінші жыл өмір сүруі оның тез өсуімен және жетілуімен сипатталады.Сәбидің ағзасында жаңа қоршаған ортаға бейімделу механизмі жетіле бастайды,сондықтан олардың микроклиматқа және басқа да қоршаған орта факторларының әсеріне қорғаныс реакциясы дамымаған.
Бұл кезде маңызды гигиеналық шараларға баланы емшек сүтімен және қосымша тамақтармен қамтамасыз ету жатады.
Сәбилерді қоршаған ортаның теріс факторларынан және әр түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қорғау керек.Бала жақсы өсіп ,жетілуі үшін оны жүйелі тамақтандырып ,жазғы күндері таза ауада, күннің көзінде көп серуендеп,уақытылы ұйықтатып,ал күннің жылы кездерінде далада ұйықтатқан дұрыс.