Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен физикалық жетілуін қадағалау үшін оларға жылда медициналық тексеру жүргізіледі.Тексеру кезінде денсаулық жағдайына баға беру үшін қарапайым клиникалық әдістер;антропометриялық және физиометриялық қолданылады.
Антропометриялық әдіс кезінде баланың денесінің параметрлерін өлшейді;бойын салмағын ,дене қуысының шеңберін,өкпенің өмірлік сыйымдылығын,арқаның және қолдың бұлшық еттерінің күшін,жетілу сатысы мен әр түрлі аномалияларды,мысалы,омыртқаның қисаюы және түйетабандылықтың ерте белгілерін анықтайды.
Физиометриялық әдіс кезінде кейбір функционалды пробалар жасап,жүрек-қан тамыр жүйесіне және басқа да жүйелердің жұмысына баға береді.
Әр баланы медициналық тексеруден кейін төменгі топтардың біреуіне жатқызады;
1 топ
Сау балалар
2 топ
Сау балалар,бірақ аурудан кейін функционалды өзгерістері бар,жедел аурулармен жиі ауыратын,көру қабілеті орташа дәрежеде бұзылған балалар
3 топ
Созылмалы аурулармен ауыратын,физикалық жетіспеушіліктері бар,бірақ оқуға,өмір сүруге және еңбек етуге бейімделген балалар
4 топ
Созылмалы аурулармен ауыратын,субкомпенсациялық жағдайда,өмір сүру және еңбек етуге бейімділігі жоқ балалар
5 топ
Декомпенсация ,яғни ағза қызметінің бұзылуы анықталған ауру балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер
Балалардың денсаулықтарын жақсарту бойынша әр топқа жеке –жеке профилактикалық,емдік,сауықтыру жұмыстары және денсаулықты нығайту бойынша шаралар жоспары дайындалады.
Соңғы жүз жылдықта балалардың өсу және даму процесі жылдамырақ жүре бастады.Мұны акселерация деп атайды.Ол бір жағынан жақсы болса,балалардың жасына байланысты қимылдау мүмкіншілігі артады,екінші жағынан олардың арасында көру қабілетінің нашарлауы(миопия),жасөспірімдер гипертензиясы ауруы көбейіп отырғандығын көрсетеді.Осыған байланысты акселерация гигиеналық қамтамасыз ету бойынша бір сыпыра өзекті мәселелерді алға қойды.