Алматы Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Алмалар саулап төгілді.
Балалар Қоңырау соғылды.Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді.Оқушылар орындарынан тұрып сәлемдесті.
Аяз болар алдында Жаңа ғана жапалақ қар жауып өтті. Үлпілдеп жатқан ұлпа қар аппақ ақ көбіктен аумайды. Сезілер –сезілмес салқын леп бар. ( 19 сөз)
Үлпілдеп- деген сөзі неше дыбыстан тұрады?
Астық Комбайн астық жинап жүр. Совхоз орталығында элеватор бар. Астықты элеваторға тасиды. (11 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Астық- сөзі неше дыбыстан тұрады?
Ана Әлемдегі ең әдемі сөз-ана деген сөз. Барлық тілде бұл сөз ерекше қадірлі. (13 сөз)
Бірінші сөйлемдегі сөздердің дауысты дыбыстарының астын сыз.
Түйе Түйе- түлік басы.Түйе көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. ( 18 сөз)
Екінші сөйлемнің дауыссыз дыбыстарының астын сыз.