12- дәріс. Тақырыптың аталуы: Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу, ес, қиял үдерістерінің дамуы Дәріс жоспар: Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісініің дамуы.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуына сипаттама.
1.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы.Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдаулы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әртүрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқалардын қандай айырмашылығы бар екенін бөліп,ажырата алады.
Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженінің терминологиясына сәйкес келеді.
Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л.Ф.Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж.Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.
Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бір сыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгеулерін үлкендердің жетекшілігі және бағытталуы арқылы өз бақылаулары мен іс – әрекетінің тәжірибесінен алады. Білімі қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екендігінде. Егер бала өз іс – әрекетінің жеместі болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіңдіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмең дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс – әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады.
Мектепке дейінгі баланың мынындай ойлауының ерекшеліктері болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі.
Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді.
Үшіншіден, әртүрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді.
Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.
Баланың ойлауының дамуына түрлі іс – әрекет әсер етеді. Іс – әрекет түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс – әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс – әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс – әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әртүрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады.
2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы.Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым – қатынас жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған оқып берген мәтіңді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен көргенін, алған әсерін ұғыңықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді.
Жалпы мектепке дейінгі кезеңде үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айтудағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым – қатынас кезіңде диалогты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеубалаға әрекеттер жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым – қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты.