Аналитикалық ойлау(қазақша) «Егер сен ойлаудан басталатын ғылым нағыз ғылым болады деп есептейтін болсаң, онда мен сенімен келісе алмаймын. Оны жоққа шығарудың бірнеше себептері бар, оның ең бастысы ойдағы пайымдауларда тәжірибе жоқ, ал онсыз ешқандай шындық жоқ»,- деп есептеді Леонардо да Винчи. Жоғарыда айтылған қағида қай философиялық бағытты қолдайтындығын көрсетіңіз: Рационализм «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, тыйсам деп тұрады. Бұлар - ... құмары. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетік кірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу келсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге өйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бəрі - ... құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Қарасөздер. Жетінші сөз. Абай Құнанбайұлы. Жоғарыдағы келтірілген қарасөзлердегі тесіп алған сөздерді орнына қойыңыз: тән мен жан «Қайсыбір философияның бастауында ... , дамуында - зерттеулер, соңында - білместік жатыр». (М. Монтень) Жоғарыдағы ойды сабақтай отырып, кезінде Аристотель айтып кеткен философияның бастуында не тұрғандығын ойланыңыз. Таңғалушылық «Құдайдың құдіреттілігін дəлелдеу мүмкін емес, оған тек қана сенім арқылы жетуге болады». У.Оккам. Бұл қағидаға тəн ерекшелікті айқындаңыз. Теоцентризм «Малда аяулы, жанда аяулы болса егер,
Малды аяма, жаның үшін малды сат!
Жан да аяулы, жар да аяулы болса егер,
Жанды аяма, да жарың үшін жанды сат». Ш. Құдайбердіұлы
Жоғарыдағы келтірілген өлеңдегі «жар» ұғымының мəнін айқындаңыз: жұбай.
«Сақ адам сандығын бекіте алады. Есті адам тілін тия алады. Бірақ ешкім ... тия алмайды». Ш. Құдайбердіұлы Ш. Құдайбердіұлының жоғарыдағы қанатты сөзін аяқтаңыз: ойың «Таным адам санасы мен қоршаған ортаны бейнелеуден басқа түк те емес. Бұл үдерісте сезім алғашқы, содан кейін заттар арқылы тəжірибе іске асады. Мəселен, эмпирик – құмырсқа сияқты, жинаған мəліметтері бойынша, рационалист – өрмекші тəрізді, өзінен өрнек тоқып шығарады, ал бал арасы – ортаңғы, бақшадан шикізат жинап, оны өздігінен өңдейді»,- деп қорытады Ф.Бэкон. Ф.Бэкон бойынша шынайы ғалым адам қандай жəндікке ұқсауы тиіс екендігін анықтаңыз