Үздіксіз теріасты инсулин инфузиясы (ҮТИИ) Инсулинді помпалар – үздіксіз терасты инсулиндерін енгізу құралы. Онда инсулиннің тек бір түрі қолданылады, негізінен тез әсер ететін екі – базисті және болюсті режимде берілетін аналог. ҮТИИ-дің арқасында қан құрамындағы қанттың көрсеткіштерін барынша қалыпты жағдайға келтіруге болады, сонымен қатар гипогликемияны алдын-алуға болады. Қазіргі уақытта ҮТИИ балалар мен жүкті әйелдерге көп қолданылады.
Инсулинді помпаларды қолдану артықшылықтары: Төмендету: • Гликемияның ауыр, орташа және әлсіз көрсетілген түрлерін; • HbA1с орташа шоғырлануын; • Глюкозаның шоғырлануын күн бойы немесе әртүрлі күндері ауытқымалығын; • Инсулиннің тәуліктік мөлшерін; • Микротамырлық аурулардың даму қаупі. Жақсару: • Науқастың емдеумен қанағаттануы • Өмір сапасы және денсаулық жағдайы