Балалардағы холециститтің клиникалық жіктелуі



бет1/2
Дата27.05.2022
өлшемі62,22 Kb.
#35733
  1   2
Байланысты:
холецистит


Балалардағы холецистит
Балалардағы холециститтің клиникалық жіктелуі
Ағымы бойынша:
• жіті;
• созылмалы;
• қайталамалы.
Қабыну түрі бойынша:
• катаральды;
флегмонозды;
• гангренозды.
Ауру кезеңі бойынша:
• ушығу;
• толық емес ремиссия;
• ремиссия.
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:
• ЖҚТ (6 параметр);
• ЖНТ;
• Қанның биохимиялық талдауы ( АСТ, АЛТ, билирубинді анықтау);
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• Дуоденальды сүңгілеу;
• Іш қуысы ағзаларының УДЗ;
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
• Қанның биохимиялық талдауы (альфа-амилаза, глюкоза, сілтілі фосфатаза, холестеринді анықтау)
• ФГДС;
• Тамырішілік холангиохолецистография;
• Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ)
• ЭКГ.
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізіледі):
• ЖҚТ (6 параметр);
• ЖНТ;
• Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, билирубин);
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
Дуоденальды зондтау;
• Өттің бактериологиялық талдауы;
• Іш қуысы ағзалаының УДЗ;
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық зерттеулер жүргізіледі):
• Қанның биохимиялық талдауы (диастазаны, қандағы глюкозаны, сілтілі фосфатазаны, холестеринді анықтау)
• ФГДС;
• Тамырішілік холангиохолецистография;
• ЭРХПГ
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдары және анамнез:
Шағымдары:
Оң қабырға доғасы аймағындағы тұйық ұстамалық ауру (әсіресе майлы және қуырылған, ащы тағамдарды, газдалған сусындарды қабылдаған соң), ауызда ащы дәмнің сезілуі [7]:
• құсу;
• кекіру;
тәбеттің төмендеуі;
• іш өту не іш қату;
• дерматиттер;
• бас ауруы;
әлсіздік;
• шаршау.
Анамнез:
• дұрыс тамақтанбау;
• билиарлы жолдың дисфункциясы;
• аз қозғалу;
• кейбір дәрілік препараттарды көп қолдану;
• өт қабының атониясы;
• даму ақаулығы;
• тұқымқуалау.
Физикальды зерттеу [7,8,11]:
Оң қабырға аймағындағы бұлшықеттер резистенттілігі, «өт қаптық» симптомдардың оң болуы:
Кер (өт қап нүктесіндегі ауру сезімі), Ортнер (оң қабырға доғасын қиғаш қолмен соққылағандағы ауру сезімі), Мерфи (демді ішке тартқан қалпында оң қабырға аймағын пальпациясы кезіндегі ауру сезімі), оң қабырға доғасының пальпациясы кезіндегі ауру сезімі созылмалы холециститті көрсетеді.
Зертханалық зерттеулер [7,8,11]:
ЖҚТ (лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жылдамдауы), дуоденальды сұйықтық құрамын бактериологиялық, цитологиялық және биохимиялық зерттеу (салыстырмалы тығыздықтың төмендеуі, тұтқырлығының жоғарылауы, рН қышқылды ортаға ауысуы, өт қышқылдарының мөлшері, билирубиннің төмендеуі).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет