эпигастриядағы ауыру, кіндік аймағында және пилородуоденальды аймақта оқшауланады; айқын диспепсиялық көріністер (жүрек айну, кекіру, қыжыл, кейде - құсу); ерте не кеш ауру сезімінің қосарласуы;
Асқазанның шырышты қабатындағы эндоскопиялық өзгерістер (ісіну, гиперемия, қан құйылулар, эрозиялар, атрофия, қыртыстардың гипертрофиясы және т.б.) H. Pylori болуы -цитологиялық зерттеу, ИФА және т.б.
Созылмалы панкреатит
Ауру сезімі кіндіктен жоғары сол жақта оқшауланады және сол бөлікке беріледі, белді айналдыра ауруы мүмкін
Қанда, несепте амилазаның жоғарылауы, нәжістегі трипсиннің белсенділігі, стеаторея, Креаторея. УДЗ –бездің көлемінің ұлғаюы мен эхологиялық тығыздығының өзгеруі
Ауру кіндік аймағында не іш аймағын толық қамытып, оқшауланады,үлкен дәреттен кейін оның аздап басылуы, іш кебуі, сүтті, көкеніс, жемістерді қабылдай алмаушылық, іш өтуі Ауру сезімі ас қабылдағаннан соң 2-3 сағаттан кейін дамиды. Жедел, аяқ астынан, пальпацияда айқын байқалады, іш бұлшықеттерінің қатаюы, тері гиперестезиясы, Мендель симптомының оң болуы
Копрограммада - амилорея, стеаторея, креаторея, шырыш, лейкоциттер, эритроциттер, дисбактериоз көріністері болуы мүмкін. Эндоскопия – шырышты қабаттың терең ақауы, шеттері гиперемияланған көптеген ойық жаралар болуы мүмкін.
Емнің тәсілі
Дәрі-дәрмексіз емдеу
№5 диета холецистит кезінде – емнің ең маңызды бөлімдерінің бірі, тағам қабылдауы күніне 4-6 рет жиілейді. Тәуліктік калория мөлшері дені сау бала қабылдайтын калорияға сәйкес болады. Стационарда науқас Певзнер бойынша № 5 үстелін қолданады.
Минералды су өттің бөлінуін ынталандырады, оның тұтқырлығын төмендетіп, сұйылтады. Суды 1 кг салмаққа 3мл келетіндей, аз жұтымдап ішеді. Көбінесе Ессентуки № 4, 17 боржом қолданады. Егер холецистит гиперацидты гастритпен асқынатын болса, онда минералды суды (ессентуки № 4 боржом) астан 1–1,5 сағат бұрын, гипоацидты не нормацидты гастритпен асқынса – 40 мин. бұрын береді. Емнің курсы 2 апта, 3-6 ай үзіліспен.
Емдік дене шынықтыру емнің маңызды бөлігі, өттің ағуын жақсартады, созылмалы холециститпен және билиарлы жолдың функциональды бұзылыстар кезінде қолданылады.
Санаториялық-шипажай емделу. Санаториялық емделуге ауру ағымы ұзаққа созылған және ауруы жиі асқынатын балалар жіберіледі.
Негізгі дәрілік препараттар (100% қолдану мүмкіншілігі бар)
• Триметоприм+Сульфаметоксазол 240-480 мг таблетка;
• Амоксициллин 250 мг, табл.; 250 мг, 500мг капсула, 500 мг, 1000 мг инъекционды ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 125/5 мл флакондағы суспензия;
• Азитромицин, 250 мг таблетка;
• Интраконазол оральды ерітінді 150 мл - 10 мг/мл;
• Домперидон, 10 мг, таблетка;
• Силимарин, 100 мг, капсула;
• Панкреатин, 10 000 ХБ, капсула;
• Алгелдрат+Магния гидроксид, 15 мл пакет;
• Пирантел, 250 мг таблетка;
• Мебендазол, 100 мг шайнайтын таблетка;
• Дротаверин 40 мг, 80 мг таблетка;
• Гиосцин бутилбромиді 10, 20мг таблетка;
• Платифиллин, 0,2% ампула;
Қосымша дәрілер препараттар ( қолдану мүмкіндігі 100%-н аз).
• Ретинол пальмитаты (Вит А), 100000 ХБ капсула;
• Альфа-токоферилацетат (Вит Е), 100мг. капсула;
• Пиридоксинагидрохлорид (Вит В6) 0,01 г, 0,002 г. таблетка;
• Тиаминобромид (Вит В1) 40 мг таблетка.