Анте- және постнаталды кезеңдердегі тыныс алу жүйесінің құрылыс және даму ерекшеліктері
Эмбриогенездің 3-аптасында тыныс алу жүйесінің дамуы басталады.
Алғашқы ішектің алдыңғы бөлімінің вентральды қабырғасында кішкене иілім пайда болады (ішінен- прехордальды табақша, ортасы- мезенхима, сыртынан-спланхнотомның висцеральды жапырақшасы). Бұл бүртік алғашқы ішекпен паралллеь өседі, кейін дихотомды бөлінеді.
Прехордальды табақшадан: ауа өткізу жолдарының жіне респираторлық бөлімнің эпителийі, ауа өткізу жолдарының қабырғасының безді эпителийі; мезенхимадан – дәнекер тінддік элементтер; спланхнотомның висцеральды жапырақшасынан – плевраның висцеральды жапырақшасы.
Жаңа туылған нәрестелерде тыныс алу мүшелері әлі толық жетілмейді, ал тыныс алу мүшелерінің толық қалыптасуы 7 жасқа аяқталады, ал кейінгі жылдарда тек көлемі ұлғаяды.
Барлық ауа өткізу жолдары балаларда ересектерге қарағанда өлшемдері кішкентай және өтістері тар болып келеді.
Алғашқы жылдардағы балалардың морфологиялық ерекшеліктері:
Жұқа, жұмсақ, тез жарақатталатын құрғақ шырышты қабықшасы, бездері толық дамымаған, сурфактант аз бөлінеді, имммуноглобулин аз секреттелуі;
шырышасты негіздің бай қантамырлануы, эластикалық және дәнекер тіндік элементтердің аз болуы, көп бөлігін борпылдақ дәнекер тін алуы;
төменгі ауа жолдарының шеміршек сақиналарының жұмсақтығы, оларда және өкпеде эластикалық тіннің болмауы.
Жаңа туған нәрестелерде мұрын қуысы өте тар, қуыс түбі ересектерде қарағанда төмен орналасады. Төменгі мұрын жолы дамымаған, жоғарғысы нашар дамыған, ортаңғысы жақсырақ дамыған. Барлық мұрын жолдарының дамуы 14-15 жасқа қарай аяқталады. Мұрын аймағындағы қуыстар бітелген күйде болады. Торлы сүйек қуысы 2 жасқа қарай дамыса, маңдай және сынатәрізді қуыстар жаңа туған нәрестелерде болмайды, олар 1-2 жас аралығында пайда болады, жоғарға жақсүйек қуысы нашар дамыған, 9 жасқа қарай жақсы дамиды. Сондықтан жас балаларда фронтит, гайморит аурулары болмайды.