Аурудың дамуының нақты кезеңдері бар. Алдымен қандағы темірдің төмендеуімен және темір тапшылығы эритропоэзінің басталуымен сипатталатын жасырын темір тапшылығы (ЖТТ) пайда болады.
Назар аударыңыз! ЖТТ – бұл жасырын темір тапшылығы, бұл кезде ағзада темір қоры азаяды, ал тіндерде темір жеткіліксіз – яғни, сидеропения, гипосидероз, бірақ әлі де анемия пайда бола қойған жоқ
Келесі кезекте темір тапшылығы анемиясы дами бастайды. ТТА кезінде педиатр сидеропениялық пен анемиялық синдромдарды анықтайды.
Сидеропениялық синдром белгілері:
жүйке жүйесіндегі психомоторлық дамудың тежелуі мен когнитивтік функциялардың бұзылуы түріндегі өзгерістер.
Анемиялық синдром белгілері:
астеновегетативті бұзылыстар;
терінің және шырышты қабаттардың бозаруы;
жүрек-қантамыр жүйесіндегі өзгерістер.
Темір тапшылығы бар баланының дамуын Bayley шкаласымен өлшейтін болсақ, онда бірінші күннен бастап-ақ баланың дені сау қатарластарымен салыстырғанда психомоторлық дамуының төмен екені анықталады. Болашақта бұндай балалардың есте сақтау қабілеті мен оқу қабілеті төмен, ал зейіні нашар болады. Сондай-ақ, сөйлеуі кешеуілдеп, дене қимылының белсенділігі төмен болады.