Балалардағы темір тапшылығы анемиясы: педиатр не білуі керек Мақаладағы басты тақырыптар


Темір жетіспеушілігінің даму кезеңдері



бет3/8
Дата03.12.2023
өлшемі0,97 Mb.
#133318
1   2   3   4   5   6   7   8

Темір жетіспеушілігінің даму кезеңдері


Аурудың дамуының нақты кезеңдері бар. Алдымен қандағы темірдің төмендеуімен және темір тапшылығы эритропоэзінің басталуымен сипатталатын жасырын темір тапшылығы (ЖТТ) пайда болады.

Назар аударыңыз!
ЖТТ – бұл жасырын темір тапшылығы, бұл кезде ағзада темір қоры азаяды, ал тіндерде темір жеткіліксіз – яғни, сидеропения, гипосидероз, бірақ әлі де анемия пайда бола қойған жоқ
Келесі кезекте темір тапшылығы анемиясы дами бастайды. ТТА кезінде педиатр сидеропениялық пен анемиялық синдромдарды анықтайды.
Сидеропениялық синдром белгілері:

  • Терінің, шырышты қабаттардың дистрофиялық өзгерістері;

  • дәм мен иістің өзгеруі;

  • бұлшықет ауыруы;

  • бұлшықет гипотониясы;

  • жүйке жүйесіндегі психомоторлық дамудың тежелуі мен когнитивтік функциялардың бұзылуы түріндегі өзгерістер.

Анемиялық синдром белгілері:

  • астеновегетативті бұзылыстар;

  • терінің және шырышты қабаттардың бозаруы;

  • жүрек-қантамыр жүйесіндегі өзгерістер.

Темір тапшылығы бар баланының дамуын Bayley шкаласымен өлшейтін болсақ, онда бірінші күннен бастап-ақ баланың дені сау қатарластарымен салыстырғанда психомоторлық дамуының төмен екені анықталады. Болашақта бұндай балалардың есте сақтау қабілеті мен оқу қабілеті төмен, ал зейіні нашар болады. Сондай-ақ, сөйлеуі кешеуілдеп, дене қимылының белсенділігі төмен болады.

Кесте «Темір тапшылығы анемиясының дифференциалды диагнозы»


Жүктеу




Анемияның зертханалық диагностикасын қалай жүргізу керек



Медициналық тәжірибеде темір тапшылығы анемиясының зертханалық диагностикасының 3 түрі бар.
Ж ҚТ, «қолмен» жасалынады.
ТТА көрсеткіштері:

  • Hb төмен (110 г/л-ден төмен);

  • эритроциттер аздап азайған (3,8 х 1012/л-ден аз);

  • ТК азайған (0,85-тен аз);

  • ЭТЖ ұлғайған (10-12 мм/сағ.);

  • ретикулоциттер қалыпты (10-20%).

Сонымен қатар эритроциттердің анизоцитоз бен пойкилоцитоз деңгейін анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет