Сыртқы себептер.
Инфекциялар. Кез келген инфекциялар орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Әсіресе нёрв жүйесіне әсер ететін нейротропты инфекциялар бар (тұмау, бөртпе, сүзек). Жұқпалы аурулардағы психикалық құбылыстар екі ме-ханизмге байланысты. Біріншісі жалпы организм мен мидың микробтар және олардың уларымен улануына байланысты. Оларды инфекцкялы психоздар деп атай-ды. Бұлардың соңы жаксы аяқталады. Кейбір жағдайда инфекция миды органикалық түрде зақымдандырып, менингит пен энцефалитке әкеледі. Жұкпалы аурулар кезінде ми зақымданғанда адам мүгедекке айналады.
Инфекциялық фактор балалар тәжірибесінде ерекше орын алады. Ол оңтогенездің әр түрлі кезеңінде, соның ішінде құрсақтағы сәбиге әсер етеді. Эмбрион құрсақта зақымданса эмбриопатияның әр түрі пайда болады. Мы-салы, анасы вирусті тұмау, қызамық, токсоплазмозбен ауырса сәбиде менингоэнцефалит пайда болып, оның миының дамуында терең өзгерістер болады. Бұндай ре-зидуальды органикалық жағдайда (құрсақта және ту-ғаннан соң ор түрлі себептердің әсерінен ми закымдана-ды) инфекциялар 50% орын алады.
Инфекциялық фактор ұрық пен іштегі нәрестеге ға-на емес одан бұрын әке-шешесінің жыныс клеткалары-на әсер ететіндіктен өсіп-әну кызметі өзгеруі мүмкін. Инфекция бұл жағдайда ферменттік жүйелерді қоршап, биохимиялык зпян келтіруі мүмкін. Осындай әсерлер генетикалык кемістікпен бірдей болғандықтан генетика-лық зақымдануға ұқсас аурулар пайда болады.
Уланулар (токсикомания). Психиатрия тәжірибесінде алкогольды уланулар жиі кездеседі. Алкоголь орталық нерв жүйесіке және барлық организмде өзгеріс тудыра-тыну.
Алкогольды ұзақ уақыт ішсе маскүнемдік дамып, ал-дымен мида өзгерістер болады. Адамның жеке басы ез-геріп, алкогольды психоздар пайда болады..Ата-анасы-ның маскүнемдігі балалар психикасының бұзылуына әкеліп соғады.
Ақырғы он жылдықтарда әлемнің көптеген елдерін-де опий, морфий, гашиш немесе марихуана сияқты нар-котикалық және жасанды (лизергин қышқылының пре-параты) заттар кең таралды. Токсиманиялық заттар (медицинада қолданбайтын дәрілер, тұрмыс қызметінде қолданатын желімдер, еріткіштер, бензин, ацетон, то-луол сияқты ингаляциялық заттар) да кеңтараған.
Наркотикалық және токсиманиялық заттар психика-ны жіті және созылмалы түрде өзгертеді. Жүктілік ке-зінде улардың нәрестеге әсер етуінің ерекше маңызы бар. Психотроптық заттар (нейролептиктер, транквили-заторлар, антидепресанттар) ұрық пен нәрестеге залал-ды әсер етеді. Жүктіліктің әуелгі 3—4 айында керсетіл-ген заттарды қабылдау әсіресе қауіпті. 60 жылдары Батыс Германияда аналар жақсы үйықтау үшін тали-дамндты қолданғандықтан психикалық және физикалық кемтарлығы бар балалар саны кебейді.
Жүктілік кезінде психотропты препаратты қабылдау нәрестенің қан айналуьшың бұзылуына, оттегінің азаю-ына, ми қоректенуінің кемуіне әкеліп соғады.
Басқа препараттардың улы әсері туралы да жазыл-ған. Амернка әдебиетінде пенициллин және басқа анти-биотиктездің эмбрионға дегеп залал әсері туралы жа-зылған. Мүндай әсер гипоксиямен байланысты, өйткені нәресте қанындағы пеиициллин мөлшері анасынікіне қарағанда жоғары болады. Жүктілікті үзуге қолданған заттар ете қауіпті. Психиатрия тәжірибесінде көміртек оксиді, іқорғасын-тетраэтил, сынап, фосфор, органика-лық қосылыстар сияқты улар кездеседі. Айтылған зат-тармен улану типография мен лабораториялар қызмет-керлерінін мамандық аурулары ретінде білінеді. Улар-ме.і және дәрілермен кездейсоқ улануы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |