Механикалық зақымдану. Жиі кездесетін этиология-лық жағдай. Балалар тәжірибесінде босану кезіндегі зақымданудың манызы зор. Бұл кездегі зақымдану жан-жақты болатыны анықталды. Бала іште және бо-сану кезінде оттегі жетіспегендіктен тұншығады. Нә-рестеиіц миы оттегі жетіспегенге өте сезімтал. Патоло-гиялық босануда нэрестенін тұншығуына, байланысты миына оттегі жетіспеуінен онын миы органикалық түрде зақымданып, олигофрения, қояншық, ми параличі да-миды.
Нервтік-психикалық бұзылуда көше мен тұрмыстық зақымданудың орны ерекше. Бас сүйек пен мидың за-қымдануы әсерінен психикалық ауытқулар бірден не бі-раз уақыттан кейін туады. Сондықтан емдеуді дұрыс жүргізіп, зақымданудан кейінгі кезде режимді сақтау керек (төсекте жату).