Лекцияның мәтіні:
Қөптеген соматикалық ауруларда психоз деңгейіне жетпейтін психикалық бұзылулар болады. Бірақ, ауыр және ұзаққа созылған ауруларда айқын психикалық бұзылулар болады. Психикалық белгілер негізгі сома-тикалық аурудың белгісі, ретінде білінетіндіктен бұл психоздар «симптоматикалык» деп аталады. Бұлар со-матогендік деп те аталады. Психикалық бұзылулардың пайда болу механизмінде төмендегідей үш себеп бар: 1) Аурудың салдарынан өзгерген мүшеден миға бара-тын патологиялық импульстер; 2) мүше қызметіндегі •өзгерістер және зат алмасудағы басқа бұзылулардың миға әсері; 3) жеке адамның ауруға деген реакция-сы. Бұл реакция ауру адамға диагнозын (әсіресе қатты ауруғанда) айтудан пайда болады.'Сондыктан бұл жағдайда соматогендік емес, психогендік ауру ту-ралы әңгіме болуы керек.
Қөптеген соматикалық ауруларда психикалық бұ-зылулар~аурудың басында, ортасында және аурудан жазылған соң да білінеді.
Айқын психикалық бұзылулар дерт қаулап тұрған-да болады. Бұдан аурудың психикалық және физикалық белгілері бір кезде өтеді деп айтуға болмайды. Кейде аурудың соматикалық белгілері кетіп, психикалық бел-гілері қалады және керісінше де болуы мүмкін.
Қөптеген соматикалық ауруларда психикалық бұ-зылулар бірдей болады. Жиі кездесетін бұзылулар тө-мендегідей болады.
Астениялық синдром. Алдыңғы көріністе психикалық әлсіздік пен жүдеушілік орын алады. Ауру адам жа-рыққа, шуға, дыбыстарса, денені тітіркендіруге сезім-тал болып, ашуланшақ, жылдам шаршағыш болады. Кәдімгі жарық жарқыраған, радио дыбысы қатты, көрпе ауыр, киім тұрпайы болып көрінеді. Басы ауы-рып, айналып, ұйқысы қашып не керісінше катты ұйық-тағыш болады. Назары нашарлағандықтан ауру адам бірнеше жол оқып, онан соң окудан бас тартады, айна-ладағылармен сөйлесуден жылдам шаршайды, ұмыт-шақ және көңілі баоқаға ауғандықтан оқығанды, антқанды есінде сактамайды. Терлегіш, жүрек қызметінің жылдамдауы сияқты вегетативтік бұзылулар болады.
Психопатия тәрізді синдром. Үзаққа созылған со-матикалық ауруларда және заттар алмасуы бұзылған-да психопатия тәрізді жағдай дамиды. Бұл жағдайда ауру адамның көңіл-күйі бұзылып, айналадағыларды жек көріп, оқшауланып, ынтасын тек ауру маңайына жинап, ашуланшақ, ұрысқақ, қыңырланып дәрігердің айтқандары.мен келіспей, өзін-өзі емдеп, көптеген дәрі-герлерге қаранып, олардың емдеуін місе тұтпайды.
Соматикалық аурулардың ауыр түрінде сананың бұ-зылуы, делириозды, аментивті көріністер болып, ойы қа-рауытып есеңгіреп.қалады. Осы жағдайлар бір-біріне ауыса беруі мүмкін".
Ауыр жәие ұзаққа созылған соматикалық аурулар-дан кейін шизофренияға, циклофренияға, ұқсас «ара-лық» не «эндоформды» синдромдар дамиды. Бұлар деп-рессивті, депрессивсіз-параноидты, елестеушілік және басқа синдромдар ретінде білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |