Кейбір жиі кездесетін аурулар.
Миокардтың инфаркті. Бұл аурудағы психикалық құбылыстар өте жылжымалы. Әуелі есепсіз өлім тура-лы үрей пайда болып, ауыру күшейген кезде бүл үрей басым болады. Мазасыздану, үрей, зарығу, тиышсыз-дану, үмітсіз сезім осы жағдайға тән. Ауру адам сырт-қы әсерлерді, жай сөйлегеннің өзін, киімінің тәніне тию-ін, көмескі жарықты да көтере алмайды. Ауру адамның мінез-құлқы әр түрлі болады. Кейбіреулер үндемей, қозғалуға қорқады. Кейбіреулер санасы бұзылғандык-тан қозып кетеді. Ауыру белгісі болмағанда да оларда жиі үрей, мазасыздану, зарығу пайда болады. Кейде мұндай жағдайлар ауыру белгісінің алдында болады. Ауру адамның жағдайы нашарлаған кезде мазасызда-ну, зарығу керіністерінің көтеріңкі кәңілге ауысуы қа-уіпті. Бұл кезде адам мазасызданып, оның көңіл-күйі айналадағыға сәйкес келмейді. Инфаркт қатты болған кезде аурудың бірнеше минут, сағат, сирек тәулік бо-йында ойы алжасуы (сананың бұзылуы) мүмкін. Арты-нан психикалық жағдай әлсізденіп, жеке басының ауы-руға деген көзқарасы тууы мүмкін. Бұл адамның'ауы-руға дейінг.і жағдайына байланысты.
Буйрек қызметінің жетіспеушілігінде психиканың бұ-зылуы, Компенсация мен субкомпенсация кезінде асте-ниялық синдром орын алып, аурудың басы жиі ауыра ды. Улану көбейген сайын есеңгреу, делирий, аменция сияқты сананың бұзылуы болады. Улану күшейген кез-де адам күндіз ұйқышыл болып, түнде ұйқысы қашып, бір көрген түсін қайта-қайта көре береді. Уремияның соңғы кезеңінде үнемі есенгреу жағдайы болады. Ұзақ уақыт бүйрек жұмысы жеткіліксіз болса энцефалопа-тия дамиды.
Бауыр ауырғандағы психикалық бұзылулар. Бауыр-дың циррозында айқын психикалық бұзылулар болады. Бұзылудың жиі түрі астениялық белгілер ретінде білі-неді. Ұйқы бұзылғандықтан күндіз ұйқы келіп, түнде ұйқы қашып, күндізгі ұйқының келуі кенеттен нарко-лепсия ретінде пайда болып, артынан психоорганикалық синдром дамиды. Негізгі ауру ауырлаған кезде кома дамиды. .
Психопатия тәрізді бұзылулар кезінде ауру адам ете өкпешіл, күдікті, ұрысқақ болып, өзіне ерекше на-зар аударуды талап етеді.
Мидан тыс орналасқан ісік жағдайындағы психика-лық бұзылулар. Бұл бұзылулар ауру адамның жеке басының конституциялық ерекшеліктеріне, емдеуіне және емнің қонуына байланысты. Бұл жағдайға астения тән. Ауру адамдар аурудың нақтылы диагнозынан қор-қып, дәрігерге қаралмайды. Мұндай адамдардың сана-сында ауру туралы ой болмай, анозогнозия орын алып, олар «аурудан қашуға» тырысады. Аурудың диагнозына сенбей, «дәрігер білМейді, қателесті» деген ойға келеді. Кейде депрессивті реакциялар өте ауыр болып, өмір сүргісі келмейді. Ауру дамыған кезде, «тыныш делирий» ретінде делириозды-аментивті жағдайға байланысты ой алжасуы болады. Бірақ көрінетін психоз болмайды. Кейде көңіл-күйі көтеріңкі (эйфория) болады.
Диффузды улы алқым ісуі (зоб) кезіндегі психика-лық бұзылулар. Бұл ауруда қалкан безі үлкейіп, оның қызметі жоғарылайды. Осы кезде затт.ар алмасуы бұзы-лып, жүдеп, жүрек соғуы жиілейді. Ауру адамның эмо-циональдық психикасы жылжымалы, көңіл-күйі өзге-ріп, жылауық, өкпешіл, ұмытшақ, ашуланшақ болып, жылдам шаршағыш, еңбек қабілеті темендеп, дене мен психикалық астения болып, қатты сөйлегенді, жаркы-раған жарықты, жанасуды жаратпайды. Депрессия мен күрделі психикалық езгерістер сананың бұзылуы ретін-Де болуы мүмкін. Ұйқыға кетуі қиындап, жиі оянып, мазасыз түстер көреді. Ауру үзаққа созылса интеллект бұзылады. Гипотиреоздағы психикалық бұзылулар. Қалқан бе-зінің. жұмысы жетіспегенде гипотиреоз пайда болады. Осы аурудың айқын түрі микседема, туа пайда болған түрі кретинизм деп аталады. Қретинизм жағдайында пснхикалық даму тоқталып, олигофрения пайда болады.
Жалпы гипотиреоз жағдайында ауру енжар, ұйқы-шыл, жылдам шаршағыш ойлауы баяулап, көңіл-күйі нашарлап, козғалуы баяулап, уайым-қайғысы көбейіп, эмоциясы солғын болады.
Ауру үдеген кезде интеллект төмендеп, санасы бұ-зылып кома больш, қояншық тәрізді булығулар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |