Балалардың қабылдауы, оның бұзылу ерекшеліктері



бет56/63
Дата06.01.2022
өлшемі161,69 Kb.
#13555
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
Конспектілер Психология

15-лекция.

Психотерапия.

(1 сағат)
Жоспары:

1. Психотерапияның қысқаша тарихы.

2. Психотерапия қағидалары.

3. Сендіру және өзін-өзі сендіру әдісі.




Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
  1. Банщиков В.М., Невзорова Т.А. Психиатрия. М., Медицина, 1969.


  2. Гиляровский В.А. Психиатрия. М., Мед. Гиз. 1954.


  3. Жариков Н.М., Урсова Л.Г., Хритинин Д.Ф. Психиатрия. М., Медицина, 1989.


  4. Илешева Р.Г. Бредовые психозы в позднем возрасте. А., Казахстан, 1981.





Қосымша:
  1. Кирпиченко А.А. Психиатрия. Минск. Высшая школа.


  2. Ковалев В.В. Психиатрия детского возраста. М., Медицина, 1979.





Лекцияның мәтіні:
Психотерапия деген сөз грек тілінен аударғанда жанды емдеу . Оған ауырған адамға қайырымдылықпен қарауға арналған көптеген мәселелер мен шаралар кіреді. Психотерапияның негізі логопедия не сөзбен әсер ету. Егер айналадағы жағдай ( ауруханадағы, емханадағы ) психотерапияның орталық буынына сәйкес келзмесе оның әсері болмайды. Бұл жерде адам жанын жақсы білетін К.С. Станиславский “ Театр киім ілгіштен басталады ” деген сөздерін ойымызға аламыз. Бұл айтылған сөздерді дәрігер мамандығына сай ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен, дәрігерді күтуден басталады деуге болады.

Психотерапияның қысқа және айқын анықтамасын ХХ ғасырда психиатр Ю.В. Каннабих берді. “ Ол “ Психотерапия психикалық әдістерді ауруларды емдеуде жоспарлы түнрде қолдану” деді. Психотерапияда ауруға себебін тигізетін психикалық әсерлердің барлық түрлері аурудың түріне, кісінің ерекшелігіне қарай жоспарлы, жүйенлі және біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігерлердің ауырған адаммен көптеген күнделікті жұмысы психотерапияға жатады. Бұл жұмысқа дәрігердің диагноз туралы сөзі, ауру адампға ауруы туралы түсіндіруі, жазылған рецепті бередегі жігерлендіру сөздері жатады.

Психотерапия ерте заманнан белгілі . Сол кезден бастап бірн адамның екінші адамға көрсететін әсері “ ерекше көздер “ арқылы “ құдіретті құдайдың” қатысуымен деп саналған. Психотерапиялық әсерлер жалбарыну мен үшкіру арқылы, қазіргіше ауруларды жазатын молдалар мен тәуіптердің қолданатын ұйыту мен өзін-өзі ұйыту әдістері қолданылған. Сол кездегі адам психикасына өткен әсеғрлерді сақталған өнер туындыларынан ( суреттер мен барельефтерді ) көруге болады. Орта ғасырларда пәлсапашылар, дін уағыздаушылар мен дәрәгерлер ойынша құпия, темірдің магнитке тартылуы - магнетизмге , табиғаттың ерекше құбылысы ретінде көңіл аударылды. Магнетизм туралы трактаттар жазылды. Осы құбылысты түсіндіру үшін көптеген жазылымдарда түсініксіз табиғаттан тыс күштер туралы айтылады. Магнетизм құбылысына ХVғасырдың белгілі швейцар дәрігері және табиғат зерттеушісі Парацельс ( 1493-1541 ж ) көңіл аударды. Оның ойынша “ Магниттің құпия күшін емдеуге пайдалануға бола ма ? “, “ Магнит темірдің кесегін өзіне тартқандай ауруды өзіне тартып , организмді аурудан босатады! “ Парцельс дифтериядан тынысы тарылған емшектегі балалар мен миына қан құйылғандықтан өлім халіндегі шалдарды емдеуге магнитті қолданады. Магнит нашар көмектеседі. Парацельстің кең тәжірибесінде магнитті қолдану түйілу мен құрысып қалуды тоқтатты, сөйлеу қабілетін жоғалтқан адамдардың сөйлеуіне, сал ауруын емдеуге көмектесті . Мұндай өзгерістер истериялық сал ауруы мен истериялық үндемеу кезінде болатыны қазір белгілі болды. Нәтижелі зерттеулер аз болды, бірақ олар туралы лақап жылдам тарады. Мұндай жағдайда деректі мәліметтер қиялмен толықтырылып, өңделіп, сол себептен тартымды болды. Мұнакн басқа бұл мәліметтер шайтан мен құдайға сенетін орта ғасырлық санасы бар адамдарға әсер етті.

Магнит күші арқылы емдейтін Парацельстің даңқы арта бастады. Магнетизм қайтадан астранамия мен пәлсапа саласына ауысып, ол туралы тек “ пәлсапашыл ғалымдар әңгіме көтерді”.

Екі ғасырдан соң 1766 жылы веналық дәрігер Франс Месмер “ Планеталардың адамға әсері “ деген тақырыпта дайындайды. Өз ілімін ол сол кездегі түсініксіз жұмбақ медицина докторының дәрежесін алуға диссертация ретінде баяндай отырып, дүние жүзілік магниттің тартуы теория және планеталардың , алыс жұлдыздардың адамға ететін әсері туралы жазды.

Медицина докторынан басқа Месмерде пәлсапа докторларының дипломы болды. Ол венакның бай адамдарының бірі , музыканттардың меценаты, Леопольд Моцарт және шыны гормоникада жақсы ойынымен тандандыратын данышпан баласы Вольфганг Амадеймен бірге музыкамен шұғылданды. Ғылымнан және концерттерден қолы бос уақытта, өте сирек ол дәрігер ретінде қызмет атқарды.

Месмер кездейсоқ бір ауру адамның магнит арқылы жазылуына куә болды, бірақ бұл жолы емдеуші медик емес еді. Месмер де емдеудің бұл тәсілін байқап көруге шешім жасады. Парацельс сияқты ол магниттерді әр түрлі адамдар мен ауруларға қойып көрді. Әйелдер мен ерлер , кәрілер мен жастар, балалар мен жасөспірімдер, қатты және жеңіл түрде ауыратындардың барлығын да емдеді. 15-20 адамның 2-3 жеңілденіп, 1-2 мүлде жазылады. Осыдан соң емдеуші ретінде даңқы елге жайып, Месмерге көрінуді аңсаған адамдар толып кетеді.

Екі ғасыр ішінде Франц Месмердің есіміне байланысты түсініксіз және ғажап күші бар магниттік флюид ілімі тарады. Месмердің түсінігі бойынша біздің айналадағы ортада флюид сұйық ретінде тараған. Оны табуға, өлшеуге, сезінуге болмайды. Ол бар әлемге таралған. Ол плпанеталардың бір-біріне және адамдар тағдырына ғажайып әсер етеді. Месмердің және басқалардың ойы бойынша сезілмейтін сәуле ретінде флюид адамдар қатынасында құпиялық, ұнату мен ұнатпау, алдын ала сезіну, нышан мен сезінуді пайда етеді.

Месмер өзінің магнитпен емдеу кезінде магнитті теорияға қайшы болатын деректерді байқады. Кейбір ауру адамдардың жеңілденуі мен жазылу магниттің жанасу мен жанаспауына байланысты болған жоқ. Аурулардың көптігінен Месмер өзінің ғажап әсерлі тағасын келген адамдардың бетіне, қолына, аяғына тигізіп үлгермеді. Бірақ кейбіреулерде емдеуге дейін,ғажайып емдеушінің түрі мен оның үйіне келу ауру адамдарды жеңілдетті. Ауру адамдар өздерінің неліктен тәуірленгені туралы сұрақ қоймады. Оларға бәрібір е,ді. Олар Месмерге, оның заттарына, камзолына, башмақтарына сенді. Магнитке және оның башмағындағы алтын тағаға жанасуңға тырысты. Месмерге байланысты барлық заттардың көмектесетінін аурулар байқады.

ХІХ ғасырдың 40- жылдары Манчестерге белгілі француз магнетизері Шарль Лафонтен келді. Оның сенасына магнетизмнің ғылымға қайшы екенін әшекерелеуші ағылшын хирургі Джемс Бред қатысты. Гипнозды ғылыми тұрғыда тексеру осы кезден басталады. Гипноз (грекше - ұйқы ) терминін Бред қолданды. Өзінің “ Нейрогипнология” деген кітабында ги пнозды физиологиялық құбылыс деп қарады.

Көзбен жылтыраған затқа қадалып қараса, көру мүшесі шаршағандықтан гипноз пайда болады деді ол. Брэд өзінің хирургиялық тәжірибесінде гипнозды анестезияның сезімсіздендіру тиімділігін арттыру үшін қолданды.

ХІХ ең атақты невролргы белгілі Сальпетриер неврологиялық клиникасының директоры, франсуз невропотологі Шарконің (1825-1893) тексерулері гипноздың психофизиологиялық негізін ашуға көмектесті. Шарко гипнозды жасанды невроз ( гипноз кезінде истериялық булығулар жиі байқалды) , нерв жүйесінің зақымдануы деп қарады. Бұл гипнозға деген ғылыми көзқарастың жетілуін тежеді. Беренгейм бастаған Ненси мектебі ) Ненси Франция қаласы ) жоғарыдағы айтылғандарға қарама-қарсы болды. Беренгеймнің айтуы бойынша гипноз – үйретуден болған ұйқы. Бұған дейін Франсуз дәрігері Льебо гипнозды үйрету бойынша ұйқы деп қарады.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында гипнозды психологиялық және физиологиялық тұрғыдан тексеруге арналған жұмыстар істелді. Сол кездің өзінде сендіру, түсіндіру сияқты әсерлерді қолданатын психотерапевтикалық әдістің бір түрі рацмональды психотерапия туралы айтылды.

Бұл ілімді жасаушы Дюбуа болды. Оның әдісі бойынша ауру адамның өз ауруы туралы теріс пікірін өзгерту үшін оған “ конфликт “ жағдайларды ақылмен шешуді түсіндіру және үйрету керек.

Орыс клиницистері де ауырған адамға психотерапевтикалық әсерді қолданды. М.Я.Мудров организмді емдеуші жан дәрігері бар деді. Бұл өнер арқылы “ қайғырушыны жұбатуға шыдамсызды тынышсыздандыруға, қорқақты батыр, тұйықты ашық, өткірді сезімді етуге болады. Бұл өнер дененің ауырғанын, зарығуды жеңеді”.

Ауру адамға дәрігердің игілікті әсері туралы орыс клинистері В.А. Манасеин, С.П.Боткин Г.А. Захарин С.С. Корсаков жазды.

Психотерапия мен Ресейде бірінші болып Мәскеу университетінің гипнология курсынан лексия оқыды. П.П Подьяпольский, В.М. Бехтерев, К.И. Платонов, оның ізбасар оқушылары болды. В.М. Бехтерев бірінші гипнология кафедрасын құрды. В.Н. Иванов, В.Е. Рожнов және басқалар психотерапия саласында көп еңбек жасағандар.

Соңғы жылдары психотерапевтикалық әсерлердің ішінде өзін-өзі жаттықтыцру үлкен рөл алуда. Бұл әдісті неміс психотерапевті Генрих Шульц ұсынды. 1932 жылы Шульц монографиясында өз тәжірибесі мен емдеу қорытындысын жариялады. Өзін-өзі жаттықтырудың тарихи тамырлары ақыл-ойдың дене қызметіне әсерін зерттейтін көне үнділік діни ілім - хатха йоганың кейбір жақтарымен байланысты ( Шульцтің әдіснде йогтардың діни мистикалық ілімінің элементтері жоқ. ) Тәні жанынан айырылған соң “әлем рухымен” қосылып, йогтардың дене қалпы ерекшеленіп, өз назарын бір нүктеге аударып, тынысын өзгертіп, айналадағылардан жекеленіп, ерекше бір жайбарақат жағдайға түседі. Мұндай жағдайда йогтар өхін-өзі ұйытады. Йогтар жаттығудың арқасында тыныс алуын, жүрек соғуын және соматикалы қызметтерді өзгерте алады.

Шульцтің көптеген байқаулары жаттығу арқылы бұлшықеттерді болсаңсытуға, салмақ пен жылыны сезінуге, ішкі жайбарақаттық пен жеңілдеген түрде ұйытуды сезінуге болатынын көрсетті. Қазіргі кезде өзін-өзі жаттықтырудың әр түрлі нерв-психикалық зақымданудың алдын алуға және емдеуге қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет