6. "Кім кімнің туысы?" (Классификация және жалпылау) Балаңызға қайыңның туысқандарын табуды ұсыныңыз. (еменнің, алма ағашының, т.б.) - атасын, әжесін (кәрі ағаштар),әпкесін, балаларын және неге олай таңдағанын түсіндіру керек. Тапсырмаңызды орындай отырып, бала алдымен ағаштарды белгілі қасиеттері бойынша топтастырады. (бұл жағдайда - олардың бәрі қайыңдар), кейін ұқсастардың ерекшеліктерін анықтайды (кәрі - жас, үлкен - кіші, жуан - жіңішке).
7. Әрбір ағаш, әрбір бұта - бұл көптеген жануарлардың, ең бірінші құстар мен жәндіктердің үйі және асханасы екенін балаңызға айтыңыз. Сіздер олармен таныса аласыздар. Бұлүшін сіздерге үлкен ақ қағаз керек, ақ түсті қолшатыр да жарайды. Ашық жылы күні ағаштың түбіне ақ қағазды немесе қолшатырды қойыңыз. Ағаштың бұтағын байқап, сілкілеңіз. Сол кезде қолшатырға әртүрлі жәндіктер түседі. Бала жақсылап көріп алсын. Ең жақсысы, өздерінің қасында өмір сүретін, мүлдем таңсық, басқа әлемді тануға көмектесетін үлкейткіш шынының лупаның көмегімен көрген дұрыс. Барлық "тұрғындарын" өз үйлеріне қайтаруды ұмытпаңыздар!
8. Көктемде барлық балалар көлшік суда ойнап, арықтарда қайықтар жібергенді жақсы көреді.Оларға өзгеше бір саяхат түрін ұсыныңыз - кішкене арықтан,үлкен "теңізге".Еріген қардан пайда болған арықтар мен шалшықтар салалары бар өзендердің үлгісі бола алады. Арыққа қайықты жіберіп, оның үлкен суға құятын құятын жолын бақылаңыз.Кішкене сағалар қосылып, үлкен арықтар жасайды, ал олар одан да үлкенін т.с.с. Үлкен арықты "мұхитқа" ("теңізге") құятын өзенмен салыстыруға болады. Осы жүйенің бәрін көгілдір қағаз немесе мата қиындыларынан "өзен жүйесін" суретке түсіру немесе құрастыру арқылы қайтадан жасауды ұсыныңыз. Картадан өзен, теңіз, мұхиттарды қараңыздар .
9. "Өзен не туралы айтты"(тіл, қиял дамыту). Егер сіз өзеннің жағасында дем алып жатсаңыз, балаңыздың назарын өзеннің үнемі ағып тұратынына аударыңыз. Біз өзен ағады дейміз. Осы өзен туралы балаңызбен бірігіп әңгіме құрастырыңыз - қайдан бастап, қайда ағып барады, жолында не кездестірді? Судың сылдырын естіңіздер- не айтқысы келеді?