Сыныбы: Ұзақтығы: 40 минут Балл саны: 20 « енді өзіңнің жамандығыңды қайдан білдің?»



Дата07.08.2022
өлшемі17,35 Kb.
#38074
Байланысты:
ТЖБ І нұсқа 4


Қазақ әдебиетінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары. 1-нұсқа
Оқушы: _____________________________________________
Сыныбы: ____________________________________________
Ұзақтығы: 40 минут
Балл саны: 20



  1. «... енді өзіңнің жамандығыңды қайдан білдің?» деген хан сұрағына Жаманның берген жауабы [1]

А. Жасының елуге келгені
В. Әйел алып, бала сүйгені
С. Қайда болса сонда жүріп, басқа біреудің құлшылығында болғаны
Д. Құс пен шөптің жаманын тапқаны
2. Шөп пен құстың жаманын табудағы Жаманның уәжі [1]
А. Сауысқан ала, бірлігі де жоқ; қарақоғаны отқа жақса, сексеуілдің шоғындай жайнап жатады.
В. Сауысқанның екеуі бірігіп қонбайды, бірлігі жоқ; қарақоға отқа жанбайды, мал жемейді.
С. Қырғауылдың түрі сиықсыз; қарақоғаны мал жейді.
Д. Қырғауыл адамның пайдасына жарайды, сексеуілді мал жейді.
3. ... Тағдыр кезін келтірді,
Ұры тұзағын ілдірді.
Бектердің бегін ап кетті,
Қашса қалай құтылар... үзіндісі алынған шығарма [1]
А. «Құтты білік» дастаны
В. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңі
С. «Айналайын Ақ Жайық» толғауы
Д. «Алып Ер Тұңға» жыры
4. Әл Фарабидің «Қашықтасың, туған жер» өлеңінің негізгі ойы [1]
А. Туған жерге деген сағыныш
В. Туған жерді тастап кету
С. Туған жерге қызмет ету
Д. Ата-анасын сағыну
5. Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес... үзіндідегі құбылту мен айшықтау [1]
А. Ассонанс, анафора, гипербола
В. Ассонанс, аллитерация, теңеу
С. Ассонанс, аллитерация, кейіптеу
Д. Ассонанс, аллитерация, литота
6. Жаманның хан тағына дейін көтерілуіне себеп болған қасиеттерін дәлелдеп жаз. [2]
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Әл Фарабидің адал дос, амал дос туралы ойын өз пікірлеріңмен түйіндеп жаз. [2]

... Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып...















8. Адам өкінбейтіндей болу үшін жасауы тиісті 5 нәрсені жаз. [2]

  • ______________________________________________________________

  • ______________________________________________________________

  • ______________________________________________________________

  • ______________________________________________________________

  • ______________________________________________________________

9. «Тіршілікте құрыштай төзімді болу» дегенді қалай түсінесің? [2]
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
10. «Алып Ер Тұңғаны жоқтау» мен қазақтың дәстүрлі жоқтау жырын салыстыр. [2]
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11. «Туған жердей жер болмас...» тақырыбында эссе жаз. [5]
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Балл қою кестесі

Тапсырма реті

Бағалау критерийі

Дескриптор

балл

1

Шығармада көтерілген мәселені идеясы арқылы түсінеді.

  • идеяны түсінді;

  • оқылған шығарма негізінде берілген сұрақтарға жауап берді.

1

2

1

3

1

4

1

5

Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтайды.

  • шығармадағы құбылту мен айшықтаудың түрлерін тапты.

1

6

Шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды.



  • себептерін жазды; дәлелдеді.

2

7

  • автордың ойымен байланыстырды;

  • ой- пікірін түйіндеп жазды.

2

8

  • өкінбеу үшін керекті 5 нәрсені жазды;

  • толғаудағы «өкінбесті» ескерді.

2

9

  • өлең үзіндісіне өз пікірін білдірді;

  • бүгінгі күнмен байланыстырды.

2

10

  • шығарманы жоқтау жырларымен салыстырды;

  • ерекшелігін анықтады.

2

11

Құндылық тұрғысынан талдап, эссе жазады.

- өз көзқарасын жазды;
- дәлелдер келтірді;
- өміршеңдігін сараптады;
- шешімін ұсынды;
- жазба құрылымын сақтады.

1
1
1
1
1


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет