Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу.
«Жаттығулар жасайық» Тез қозғалып осылай
Жаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық.
Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Торғай мен мысық»
Мақсаты: Балалардың қимыл – қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.
Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
«Секіреміз топ-топ» Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қояндар мен қасқыр»
Мақсаты: Балалардың қимыл-қоззғалыстарын арттырып, ептілікке баулу.
Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау.
Балаларға тақпақты қайталату арқылы қимылдар жасау.
«Шынығамыз» Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Дене шынықтыру
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру
Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
«Топ-топ» Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)