Музыкалық ойын жаттығулар "Сиқырлы текше" Мақсат-міндеттер. Текшедегі аңдардың дауысын келтіріп, тембырын өзгерту мүмкіндігінше жоғару көтеру.
(музыка)
«Оқиғалар». Мақсат-міндеттері: тиісті сөздерді тауып құрастыру, буынға бөлу. Баланың ой-өрісін, зейінін дамыту
Ойын атрибуттары: оқиғаларды бейнелейтін суреттер, оқиғалар жайында айтылған сөздер.
Ойынның барысы: балалар өздеріне ұнаған сюжетті суреттерді алады. Сол суретте айтылған тиісті сөздерді тауып астына құрастырады. Солай бірнеше оқиғалар суреттерге байланысты қойылады.
(сөйлеуді дамыту)
Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Аяз ата".
Мақсат-міндеттер: балаларды ермексаздың бөлшектерін домалату, созу, есу әдістерін пайдалана отырып аяз атаны мүсіндеуге үйрету.
"Домино" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: баланың топтамалар жайлы білімдерін дамыту, пысықтау; сәйкес заттың бейнесін тауып дұрыс атауға, оның атқаратын қызметі жайында бір сөйлемді құрастыруға дағдыландыру; қабылдау, зейін, ойлау қабілеттері, ұсақ қол моторикасын желілдіру.
Ойын шарты.
Суреттері сәйкес келетін карточкалардың біріне қатарлап тізіп қою, кім бұрын барлық карточкаларын қояды, сол жеңіп шығады.
Қажетті құралдар: бірдей қос суреттер, әртүрлі объектілердің бейнеленген көлемдері 5×6 см карточкалар.
(танымдық дағдылар)
Шағын кітапхана
Мақсат-міндеттер. Кітаптардың суреттерін қарау арқылы қандай ертегі туралы екенін айтуға үйренеді.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі)
Ертеңгілік жаттығу
Жалпы дамыту жаттығулары (таяқшалармен) 1.Бастапқы қалып: дене тік, аяқ бірге, таяқша төменде.
1 - таяқшаларын жоғары көтереді; 2 - бастарына қояды; 3 - таяқшаны жоғары көтереді; 4 - бастапқы қалыпқа келу.
(жаттығу 4 рет қайталанады).
2. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ алшақ, таяқша төменде.
1 - таяқшаларын жоғары көтереді; 2 - қолын түзу ұстап, оң жаққа иіледі; 3 - таяқшаны жоғары көтеріп, тіктеледі; 4 - бастапқы қалыпқа келу. (жаттығу 4 рет қайталанады).
3. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ бірге, таяқша төменде.
1 - 2 - отырып, таяқшаларын жоғары көтереді; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. (жаттығу 4 рет қайталанады).
4. Бастапқы қалып: дене тік, таяқшаны артқа ұстайды.
1 - 2 - таяқшаны жоғары көтеру; 3 - 4 - бастапқы қалыпқа келу. (жаттығу 4 рет қайталанады).
5. Бастапқы қалып: жерде отырады, аяқ алшақ, таяқшалар бас жағында.
1 - таяқшаларын жоғары көтереді; 2 - иіліп, таяқты оң аяғының басына тигізеді; 3 - тіктеліп, таяқты жоғары көтеру; 4 - бастапқы қалыпқа келу. (жаттығу 4 рет қайталанады).
6. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ бірге, таяқша төменде. 1 - таяқты жоғары ұстап, аяқты алшақ ұстап, секіру;
2 - бастапқы қалыпқа келу. (жаттығу 4 рет қайталанады).
7. Бастапқы қалып: дене тік, аяқ бірге, қолды бүгіп, таяқшаны көкірек тұсында ұстау.
1 - таяқты жоғары ұстап, аяғын оң жаққа аяқтың ұшымен қою;
2 - бастапқы қалыпқа келу. (жаттығу 4 рет қайталанады).