Балалардың жасы: 4 жастан



бет6/14
Дата15.12.2023
өлшемі25,79 Kb.
#139553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
zWxFhnqrkhI9S5WDGA480yhjvtLsOXvs92YxKBrr

Серуенге дайындық

Балаларды өз киімдерін тануға, атауға, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуға үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Серуен

Қардың тереңдігін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, математика негіздері)
Бақылау: балалардың көңілін ауланың қай жерлерінде қалың қар жатқанына аудару, қардың қаншалықты терең екенін білуді ұсыну. Балаларға метрді көрсету және қардың әр жердегі қалыңдығын өлшеу; қалың қарды күрекпен қазып, қардың қалыңдығына назар аудару.
Жұмбақ.
Көктен түсіп көбейді,
Ұқсайды өзі шекерге,
Бірақ ешкім жемейді,
Жерде жатыр бекерге.
Ол не? (Қар).
Қимылды ойын. «Ақшақарды ізде». (дене шынықтыру)
Ептілікті, шапшандықты дамытатын, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.
Еңбек: гүлзарды жинастыруды ұйымдастыру.(еңбек іс-әрекеті)
Қарды тоқтату жөніндегі пікірді қалыптастыру (қарды тоқтатады, жел соққанда), қардан кедергілер жасау, тәрбиешіге көмектесу. Тапсырманы орындау, бірлесіп атқарудың кішігірім тәсілдерін қалыптастыру.
Өз бетімен ойындар: өз құрдастарымен 2-3 рөлден тұратын ойын ойнағанда бірлесуге талаптандыру, рөлді бөлу, ойын тәртібін орындау, жалпы ойын шартына сәйкес әрекет ету.

Ағаштардағы қырауларды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Бақылау: қыраудың пайда болуы туралы түсінік беру. Балалардың назарын қар еріген кезде, күрт суық түскенде және ауа-райы жылыған кезде айналаны қырау басқанын, ағаштарда, орындықтарда және басқа заттарға қарап бақылауды ұсыну. Қырау – бұл қатты шық. Түнде жердің үстіндегі ауа салқындайды. Ауадағы сулы булар салқындаған заттармен өзара жанасып сулы тамшыларға айналып мұзды кесек болып қатырады, сөйтіп және қырау болады. Табиғаттың әртүрлі қысқы құбылыстарын көріп бақылау, қысқы қардың сұлулығына таңдануға балаларды үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет