Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет4/8
Дата03.12.2023
өлшемі40,11 Kb.
#133026
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
20.11.23

Дене шынықтыру
Міндеті: бір аяқпен және қос аяқпен құрсаудан құрсауға секіру
Мақсаты ) Бір құрсаудан екінші құрсауға бір және екі аяқпен секірулерін жетілдіру

«Классиктер»: бір құрсаудан екінші құрсауға бір және екі аяқпен секірулерін жетілдіру. Нұсқау: аяқтарының ұшымен жұлқи серпілу; жерді табанымен толық баспайды. (3 рет)






Үзіліс : Қимылды ойындар, еркін ойындар




3 - ұйымдастырылған іс-әрекет







Математика негіздері
Міндеті: Айлар, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау түсініктерді қалыптастыру, олардың ретін білу және атау
Мақсаты : айлардың атауларын жыл мезгілдеріне қарай таныстыру

. Ойын сәті. Әлия мен Сырым «Бұл қашан болады?» деген жұмбақ шешуді ұсынады.


– Бұл қашан болады? Күн суық, жаңбыр жиі жауады. Жапырақтар сарғайып, жерге үзіліп түседі. Құстар жылы жақтарға ұшып кетеді. Адамдар жеміс-жидек пен көкөністерді жинап алады.
– Бұл қашан болады? Далада аяз болады, қар жауады. Үлпілдек қар жауса, одан аққала соғуға болады. Сусылдақ қар да жауады. Өзен-көлдердің суы мұз болып қатады. Мұз қатты, салқын және тайғанақ
– Бұл қашан болады? Күн жылынып, қар ери бастайды, жылғалардан су ағады. Жерде шөп және алғашқы гүлдер шығады, ағаштар бүршік атып, жапырақ жаяды. Жылы жақтардан құстар оралып, ұя салады.
– Бұл қашан болады? Күн ыстық болады. Өсімдіктер гүл атады. Адамдар өзен-суларға шомылады. Құстардың ұяларында балапандар пайда болады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет