Балалардың жасы 5 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет7/8
Дата03.12.2023
өлшемі40,11 Kb.
#133026
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
20.11.23

Қоршаған орта
Міндеті: Ата-ана еңбегін түсіну, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқау.
Мақсаты Еңбек туралы жалпы түсініктерін бекіту арқылы балалардың сөздік қорын
байыту.
Ойын сəті. Педагог беті жабық себет алып шығады.
– Менің қолымдағы себетте өте дəмді, біздің дастарқанымыздан күнде көретін,
балаларға өте пайдалы тағам. Ол қандай тағам? (Себет толған сүт, айран, қатық, ірімшік
т.б. өнімдері).
Біздің бəріміз дəмді жəне пайдалы сүтті жақсы көреміз.
– Қандай малдың сүтін шайға қосамыз, ішеміз? (Сиырдың).
– Сиырды сауатын адамдар қалай аталады? (Сауыншылар).

Көркем әдебиет
Міндеті: рөлдерде кейіпкердің көңіл күйі мен мінезін, бейненің қимылын, интонациясы мен мимикасын беру
Мақсаты Жағымды мінез-құлық қалыптастыру
Дидактикалық ойын: «Жануардың дауысын сал».
Қасқырдың дауысын сал – у-у-у-у.
Ешкінің дауысын сал – бе-е-е.
Қойдың дауысын сал – мə-ə-ə.
Педагог ертегіні қуыршақ театры арқылы сахналауды ұсынады. Сиқырлы қоржыннан
алған ертегі кейіпкерлерінің суреті бойынша рөлдерге бөлінеді. Қалған балалар көрермен
болады. Сахналау аяқталғанда көрермендерге бастарын иеді. Көрермендер қол
шапалақтайды



Шығармашылық бейнелеу әрекеті
Міндеті: - ертегі желісі бойынша сурет салуға үйрету
- Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдану: құрылымдық (жеке бөліктерден) және мүсіндік (негізгі бөліктерді тұтас кесектен жасау
- Сюжеттік жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын беру
- Сюжеттік композициялар жасау, оларды сәнді бөлшектермен толықтыру, жеке және топпен бірлесіп жасау, онда міндеттерді келісіп атқару
Мақсаты:- - ертегі желісі бойынша сурет салуға, мүсіндеуге,жапсыруға,құрастыруға үйрету




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет