Байланысты: Балалардың өсіп дамуына қоршаған ортаның әсері-emirsaba.org
Балалардың орталық жүйке жүйесіндегі козу мен тежелу үрдістері және олардың бір бірімен әрекеттесуі Қысқаша теориялық сипаттама: Рецепторлар тітіркенуіне нерв жүйесінің қатысуымен организмнің қайтаратын жауап реакциясын рефлекс деп атайды. Рефлекторлық реакцияны кез келген сыртқы немесе ішкі ортаның өзгерісі туындатады. Рефлекс жасалуында қозу өтетін жол рефлекторлық доға деп аталады. Рефлекторлық доға – рефлексті іске асыратын, спецификалық ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв элементтерінің кешені. Рефлекторлық доғаның негізгі бес звеносын ажыратады: рецептор; афференттік нервтік жол; рефлекторлық орталық; эфференттік нервтік жол; эффектор немесе жұмыс органы.
Белгілі бір рефлексті тудыратын тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын рецепторлар жиынтығын рефлекстің рецептивтік алаңы деп атайды. Рецептор – тітіркену энергиясын нерв импульс энергиясына айналдыратын сезімтал құрлым. Оларды негізгі 3 топқа бөледі: 1. эксерорецепторлар – тітіркендіруді сыртқы ортадан қабылдайды; 2. интеро- нмесе висцерорецепторлар - тітіркендіруді организмнің ішкі ортасынан қабылдайды; 3. проприорецепторлар – дененің кеңістіктегі қалпының өзгерісін қабылдайды. Рефлекс түрлері. Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді:
1. Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстероцептивтік (exterus - сыртқы), интероцептивтік (interior - ішкі), проприоцептивтік (proprius - өзіндік) рефлекстер болып ажыратылады. Receptio-лат. - алу, қабылдау. Демек, рецептор - қабылдағыш деген сөз. Экстерорецепторлар дене сыртында: теріде, ауыз, көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды.
Интерорецепторлар ішкі ағзаларда, тіндерде, қантамырларында, ал проприорецептор сіңірде, буын қабында орналасқан.
2. Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік, вегетативтік болып екіге бөлінеді.
3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, ортаңғы ми (мезенцефалды), аралық ми (диенцефалды), алдыңғы ми (қыртыстық) рефлекстер болып бөлінеді.
4. Қимыл-әрекетіне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстері болып ажыратылады.
5. Орталықта туатын үрдістер түріне қарай қоздырушы, тежелуші рефлекстер болады.
6. И.П. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен), шартты (жүре біткен) деп екі топқа бөлді.
7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.