Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау жинақтау әдісін қолдану жолдары


Жазу үрдісіне немесе әріп элементтеріне талдау



бет17/23
Дата10.05.2022
өлшемі111,24 Kb.
#33837
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Жазу үрдісіне немесе әріп элементтеріне талдау.

Графикалық дағдыларды үйрету барысында жазу үрдісінің заңдылықтарын негізделмегендіктен, әріп элементтеріне талдау жасау да осы заң бағынышты болады.

Ерте кезде, әріп элемнттін талдау жазу шрифтінің ерекшеліктерімен байланысты болатын. Бұлай жазу, тіпті үзіліссіз жазылатын әріптерді де элементке бөліп қарастырады. Мысалға, б әрібі.

Кіші әріп элемнеттері:

- түзу сызық; - жұмыс жолының төменгі сызығынан асатын сызық; - имегі бар сызық; - жоғары жағында имегі бар сызық; - л, м, я әріптерінің бастапқы элементі; - жоғыры және төменгі жағы имектелген сызық; - ж әрібінің ортаңғы элементі; - төменгі жұмыс жолынан шығатын имек; - жоғары жағынан шығатын имек сызық; - қысқа имек; - к әрібінің элементі; - жарты дөңгелекше; - дөңгелек; - и әрібінің жоғарғы элементі;

Үлкен әріптердің элементтері:

- түзу сызық; - оң жағына қарай имегі бар сызық; - сол жағына қарай имегі бар сызық; - жоғары және төменгі жағы дөңгелекшесі бар сызық; - Л, М, Я, А әріптерінің алғашқы элементі; - дөңгелек; - сол жағынан жартылай дөңгелекше; - Ж әрібінің ортаңғы элементі; - оң жағына қарай дөңгелекше; - Б,Г, П, Т, Р әріптердің жоғарғы элементі.

Әріпті бұлай бөлшекке бөлуді, мұғалім әріп элементіне талдау жасауда қолдануына болады.

Әліппе кезеңінде элементпен талдау балаға әріпті бейнелеуге көмектеседі. Бірақ, бұл кезде де әріпті жеке элементкебөлудің қажеті жоқ. Жазуды дұрыс қалыптастыру үшін жазу барысындағы қозғалысқа талдау жасау керек. Сонымен, әріпті элементтен талдау жасаудың ерекшеліктеріне неде екенін қарастырамыз. Ең алдымен, әріптің негізгі элементін бөліп ашу керек. Кез келген әріпті жазғанда бірінші өзімізге қарай жазу негізгі екенін айтамыз.
Осы қозғалыспен негізгі элемент – түзу сызық салынады.Келесі элементі жазу үшін жоғарыға қарай оңға көлбеу етіп жазамыз. Бұл қосатын элемент оның қызметі – екі элементті немесе екі әріпті қосу. Бұл қозғалысты жазу барысында жүзеге асыру ыңғайлы. Бұл элементтерді жазу үзіліссіз жүргізіледі. Бұл элементтерді и, ш ,п, т, р әріптерін көруге болады.

Негізгі элемент - өзіне қарай қозғалу - өз көлбеулікпен жазылады, қосатын элемент - өзінен қозғалу өте үлкен көлбеулікпен жазылады.

Әріпті негізгі немесе көмекшіэлементке бөлу де өзінен бастап жазу кейбір әріптерде сағат тіліне қарама – қарсы қайталанып жазылады.( э, з ) Бұл әріпті бөлу тек әріп формасын дұрыс жазу үшін емес, сонымен қатар біркелкі бағытты, паралель штрихты ритмиканы сақтауға көмектеседі.

Әріптің жазбаша түрінің кейбірі жазу заңдылығына сәйкес келмейді.

Өзімізге қарай төмен жазуды тік, ал өзімізден жоғары қарай сызуды – оңға қарай көлбеу етіп саламыз. Мәселен, б әріпті жазу заңдылықтарына сәйкес келмейтіндіктен, оны оған қарама – қарсы болғандықтан оқушылар көп қате жібереді. Үлкен А әріп жазылу емлесі.

Үлкен А әріп үлгісі тақтада тұрады. Әріпті жазуды жұмыс жолының төменгі жағынан бастап төменгі сызық сәл жоғары ----------- қарай қиғаштау етіп жоғары жылжытамыз. Келесі жұмыс жолының сызығына жеткізбей өзімізге қарай төмен түсіп шиек жасаймыз. Екі элементті қосып, --- ортасынан сызамыс. Мынадай қателер кетуі мүмкін:

екі элементтің ортасы қалың;

бірінші элементті тік . Бұл и әрпінің қосатын элементі сияқты жазылу керек. Мұғалім А әріпін бір элемент нүктелер арқылы жазып көрсетеді.

Үлкен және кіші а әріпі жазу үзіліссіз жүреді. Үлкен әріпті жазғаннан кейін, кіші әріптің негізгі дөңгелек негізін салып, содан соң жарты шиегі бар сызықты саламыз.

Кіші а дыбысының емлесі.

а әріпі ең алғаш үйретіледі және ол екі элементтен тұрады. Міне оны жазудың қиындықтары да осында. Мұғалім әріп элементтеріне назар аудара отырып, тақтаға жазып көрсетеді. Мұғалім тақтаға жазумен бірге айтып түсіндіріп отырады: « Жұмыс жолының жоғары жағына келгенде солға қарай дөңгелектеу етіп төменге дейін сыза отырып, қиғаштау етіп бастаған нүктемізге дейін апарамыз. Екінші элементті үзбей жоғарғы сызықтан бастап төменгі жағын имектеу етіп жасаймыз».[23./№3/]

Оқушылардың қателерінбайқай жүре мұғалім, оны қалай дұрыс жазу керектігін түсіндіреді. Оқушылар а әріпін жазу барысында бірінші элементті өтежақын жазу сияқты қателерді жиі жібереді.

Мұндай қателерді түзеу үшін мұғалім оқушыларға қайта үйретеді. Мысалға, екі элементті өте жақын жасбас үшін ең алдымен екінші элементтің жазылу ережелеріне назар аударамыз. Осыдан кейін еэлементті жазғанда арасында бұрыш нүкте қою арқылы оқушылар қателерін түзейді.

3. Ә дыбысының емлесі.

Ә әріпі үзіліссіз жазылады. Бұл дыбысты таңбалау са қиындық тудырмайды. Әріпті үстіңгі жұмыс жолына сәл жетпейтін жерден бастап, оңға қарай жоғары жүре келе дөңгелектей төменге түсеміз. Төменгі жұмыс жолына жетпей солға бұрып, екі жұмыс жолының ортасынан оңға қарай сызып бастапқы сызығымыздың дәл ортасында түйістіреміз.

Мынадай қателер кетуі мүмкін:

иегі кішкентай;

әріпті жазуды дұрыс бастамаған;

Қатені түзеу үшін санау әдісіне сүйенсек болады. Немесе үлгімен салыстыра отырып талдау жасау керек.[24./55-56б./]

Кіші ә дыбысы үлкенӘ дыбысы сияқты айырмашылығы көлемінде.

4. Үлкен Б әріптің емлесі.

ҮлкенБ әріб бір үзіліспен жазылады. Келесі әріппен үзіліссіз байланысады. Үлкен Б әрібін жазғанда жоғарғы элементін жазу қиындық тудырады.

Пропорцияны бұзу;

Оқушыларға төменгі сызықтан жоғары жерде қиылысатын түсіндіру керек.

5. Кіші б әріптің емлесі.

Б әрібі алдыңғы әріппен үзіліссіз байланысады. Әріп үзіліссіз жазылады немес оны элементтерге бөлудің қажеті жоқ. Келесі әріппен үзіліс жасап қосатын штрих арқылы байланысады. Егер б әрібінен сөз басталса а әрібі сияқты жазамыз. Егер сөздің ортасында кездессе алдыңғы әріппен үзіліссіз төмен жағынан байланысады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет