Балаларға арналған реабилитациялық орталығы
Денсаулықты қалпына келтіру емі түрлі жіті және созылмалы ауруларды емдеу және жарақат зақымдану кезіндегі маңызды кезең болып табылады. Ақырғы жылдары медицина көмегіндегі осы түрінің тек әлеуметтік-медициналық ғана емес, сонымен қатар экономикалық маңызы артты. Осы бағыттағы маңызды рөл- емдеу мен күтім қарқылығының деңгейі бойынша төсек қорының саралауында құрылған, халыққа стационар медициналық көмек ұйымдастыруының заманауи моделіндегі денсаулықты қалпына келтіру емінің бөлімдері мен ауруханаларына беріледі.
Ақырғы жылдары медициналық көмек құрылымында арнайы көмектің дербес тармақтары бөлінді- олар, емделушілерді белсенді кәсіби қызметтеріне жылдам қайтаруға жол беретін, медициналық оңалту және санитарлық- курорттық ем.
Медициналық оңалту – науқастардың және мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жойылған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтердің кешені.
«Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына», сәйкес медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымдарға:
республикалық, облыстық, қалалық оңалту орталықтары;
республикалық орталықтардың, көпбейінді стационарлардың (облыстық, қалалық ауруханалар, аудандық орталық ауруханалар, ауданаралық ауруханалар және ауылдық аурухана) медициналық оңалту бөлімшелері (төсектік);
амбулаториялық- емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың медициналық оңалту бөлімшелері (кабинет); санаториилер жатады.
Медициналық оңалтудың негізгі қағидаттары:
ерте бастау;
кезеңі;
үздіксіздігі;
үйлестігі;
жеке және мультитәртіптік тәсілі;
қолжетімділігі, ұқсастығы және оңалту іс-шараларын өткізудегі нақты қалыптастырылған мақсатқа бағдары.
Қойылған мақсатқа сәйкес медициналық оңалтуды ұйымдастыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
медициналық оңалтудың мәселелері бойынша заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
оңалтуды өткізу үшін, оны қайта бейімдеу жолымен қолдаңы бар төсек қорын оңтайлы пайдалану;
жарақтандырудың ең төменгі стандарттарына сәйкес ұйымның материалдық-техникалық жағдайын жақсарту;
медициналық оңалтуды көрсететтін мамандар үшін кәсіби білім беру бағдарламасын әзірлеу;
халықаралық талаптарға сәйкес оңалту бойынша кадрларды даярлау және клиникалық хаттаамаларды әзірлеу;
практикада медициналық оңалтуға инновациялық, тиімді әдістерін енгізу.
Оңалту орталықтарында басына түскен немесе туа біткен аурулардың нәтижесінде, сонымен қатар жарақат нәтижесінде пайда болған физикалық және психологиялық шектеулері бар тұлғалардың автономдығын, ембекке жарамдылығын және денсаулықтарын қалпына келтіру бойынша медициналық, психологиялық, педагогикалық, кәсіби және заңды шаралар кешені өткізіледі.
Оңалту орталығы өзінің ішінде тек қана күрделі және қымбат тұратын аппаратураны жинамайды, сонымен қатар медицина мен әлеуметтік-медицина оңалтудың түрлі облыстарындағы жоғары сыныпты мамандарды жинайды, сондықтан оның үстіне ұйымдастыру- методикалық жүмыс жүктеледі. Денсаулықты қалпына келтіру медицина мекемелерірің кадрларының оқытылуы мен біліктіліктерін арттыру, әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу, оңалту процессінің тиімділігін бағалау өткізіледі.
Одан басқа, орталық, әлеуметтік- медицина оңалту құрылымындарының басқа емдеу және профилактика мекемелерінің, сонымен қатар қоғамдық институт арасындағы өзара байланыстарын қамтамас етуінде үлкен рөл атқарады.
Облыстық бағынудағы қалаларда денсаулықты қалпына келтіру емінің көп профильді стационарларын құру жөн. Оңалтудың осы кезеңінің мақсаттары мен принциптеріне сәйкес ол өзіне төмендегілерді қосу қажет:
функционалдық-диагностикалық бөлім;
оңалтудың физикалық әдістер бөлімі;
психологиялық оңалту бөлімі; әлеуметтік еңбек оңалту бөлімі; бейінді бөлімшелер.
Оңалту орталықтарының түбегейлі (ұлғайтылған) де, егжей-тегжей де сияқты бірнеше сыныптамасы бар.
Тұрақты түрінің оңалту мекемелеріне төмендегілер жатады:
аурудың жіті фазасында ем алған стационар құрылымында орналасқан оңалту бөлімшелері;
арнайы оңалту стационарлар (бір бейінді және көп бейінді); оңалтудың аймақаралық орталықтары.
Осы әр құрылымдардың алдында оңалту процессін аяқтау және науқастың денсаулығын, оның әлеуметтік, мүмкіншілігінше, кәсіби деңгейін максималды деңгейге қалпына келтіру деген мақсаттар тұр. Осы кезенде қолданылатын түзетпелеу шараларында екпінді жылжыту болады. Дәрілі аспектінің маңыздылығы азаяды, есесіне физикалық әсерінің деңгейі көтеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |