Балаларға кіші жас кезінде
ағылшын тілін үйретудің ерекшелігі
Бiрге
оку кызыкты!
Балалар ағылшын тiлiн шет тiлі
ретiнде қалай үйренедi
Кiшкентай балалар тiлді табиғи түрде үйренеді; олар сөздiк
қорларын өз бетінше кеңейтедi, жас өспiрiмдер және ересек
адамдардан өзгешелігі саналы үйретуді қажетсiнбейді. Олар
сөздердің айтылуын дәл келтiрiп және өздерінің ережелерін
ойлап табатын қабiлеттері бар. Ересек адамдар есейген
шақта ағылшын тiлiн грамматика оқулықтары бойынша
қиналып оқығандарын балаларға айтпаса, олар ағылшын тiлiн
үйренуді қиын екенін білмейді.
Ерте үйренудiң артықшылықтар
ы
•
Кiшкентай балалар ана тiлiн меңгергенде табиғи
тәсілдерін қолданады және ағылшын тiлiн үйрену үшін сол
тәсілдердің қажет екенің түсінеді.
•
Балалардың ойын барысында оқуға мүмкiншiлiгi болады.
Олар тiлді қарым-қатынас және ересектермен бiрлескен
қызмет арқылы меңгередi. Бала ең алғашқыда іс-әрекеттің
мәнiн түсінеді, содан кейін оның мағынасын ересек адам
айтқан сөз арқылы түсінеді.
•
Жасы кіші балалардың күн сайынғы бағдарламасында
ағылшын тiлiнiң сабақтарын еңгізу үшiн уақыт жеткiлiктi.
Бастапқы оқыту бағдарламасында оқыту қарапайым,
ересек балаларға арналғандай тапсырмалар мен
тексерулері көп, әрі күрделі емес. Кiшкентай балаларға
тапсырма аз беріледі, немесе тiптi үйге тапсырма
берiлмейді, сондықтан олар тапсырма берілген
стандарттарға сәйкес келуіне қиналмайды.
www.britishcouncil.org/parents
•
Ерте жас шамасында екiншi тiлдi үйренуге мүмкiндiгі
бар балалар тiлдi меңгерудiң табиғи әдістерін өмiр
бойы қолданады. Үшiншi, төртiншi немесе одан да
көбiрек тiлдердi меңгеру екiншi шет тiлiн үйренуге
қарағанда жеңiлдеу болады.
•
Шет тiлiн табиғи түрде үйренген кiшкентай балаларда
үлкен балалардың немесе ересек адамдардың
саналы түрде үйренуімен салыстырғанда, олар
тілді жақсырақ меңгеріп, сонымен бiрге оларда тiл
және мәдениет сезiмi күштірек болады. Балалар
үлкейген сайын тiлдердi үйренуге деген қабiлеттiлiгі
азаяды, сондықтан олар ағылшын тілін грамматикаға
негізделінген бағдарламалары бойынша оқуға
мәжбүр. Мұндай өзгерiстер болатын жас шамасы
баланың жеке дамуына тәуелдi болады, сонымен
бiрге оның қоғамдық ортасына да байланысты.
Кiшкентай балалардың
ағылшын тiлiн меңгеру кезеңдерi:
Табиғи түрде алдымен сөйлесуге, содан кейін оқу мен жазуға
үйрену.
•
Үндемейтін кезеңі:
Балалардың ана тiлiн үйрену барысында «үндемейтін кезеңі»
деген болады, сонымен бiрге олар сөйлеуден бұрын ым және
ымдар арқылы қатынаса алады. Кiшкентай балалар ағылшын тiлiн
оқыған кезде де, ұқсас «үндемейтін кезеңі» болады: балалар
қатынасып, бір-бірін түсiне алады, бiрақ iс жүзiнде ағылшын
тiлiнде сөйлемейді.
Бұл кезеңде ата-аналар балаларды әңгімелесуге және сөздердi
қайталауға мәжбүр етуі қажет емес. Әңгiме бір жақты болуы
керек, ересектердің сөйлеген сөздері балаларға тiлді меңгерудің
мүмкiндiгiн беруi керек. Егер ересектер оқытуды жеңiлдету үшiн
тек қана «ата-аналық тiлдi» қолданса (ықшамдалған сөйлеу тiлi)
,
бала ана тiлiн игеруiнде қолданған көп әдістерді қолдана алады.
•
Бала сөйлей бастайды
Біраз уақыттан кейiн ағылшын тiлiнiң сабақтарының
жүйелiлiктерiне байланысты, әрбiр бала (әдеттегiдей қыз бала ер
балаға қарағанда ертерек) жеке сөздерді (
«cat», «house») немесе
қысқа сөйлемдерді («What’s that?», «It’s my book!», «I can’t», «That’s
a car», «Time to go home») диалог шеңберiнде немесе дербес
өтiнiш ретiнде айтады. Бала оны еске сақтады, тiптi айтылуын дә
л
келтiре алып, кейбiреулері бiр неше сөздерден тұра алатынын
сезiктенбейді. Осы кезең болғанша бала сөздер және сөйлемдер
қорын қысқа диалогтарда толықтырады, өз сөйлемдерiн
құрастыруға үйренеді.
www.britishcouncil.org/parents
Қателер
Балаларға олардың қателерi туралы айтуға
болмайды, өйткенi кез келген ескерту баланың
оқуға деген ынтасын жояды. Қателер - ағылшын
тiлiнiң грамматикалық ережелерiн меңгерудің табиғи
процесстiң бiр бөлiгi. Сөздерді терiс айтылуына
байланысты қателер болуы мүмкін. Балалар өз қателерiн
жылдам дұрыстайды. Мысалы
«I goed» «I went» деп,
егер ересек адам «yes, you went»
деп, немесе «zee
bus» сөзінің орнына «the bus» деген жауап қайтарылса,
балалар өз қателерін жылдам түзетеді.
Гендер айырмашылықтары
Ер балалардың ми дамуы қыз балалардікінен өзгеше,
сондықтан олар тілді басқаша үйреніп қолданады.
Аралас сыныптарда ер балаларға кейде жеткiлiксiз
көңіл аударылады, және тiл қабiлеттері көбірек қыз
балаларға қарағанда, ер балаларға зер салынбай қалып
қалады. Ер балалардың потенциалын ашуға көмектесу
үшiн олардың тіл үйренудегі айырмашылығын есепке
алу керек және қыз балалардың жетістіктерімен оларды
салыстыруға болмайды.
•
Сөз тіркестері мен сөйлемдерді
ағылшын тілінде құрастыру.
Бала бiртiндеп фразаларды құрауға үйренеді: ол өз
сөздiк қорынан таныс сөздерiн жаңа жадында қалған
сөзге қосады («a dog», «a brown dog», «a br
own and black
dog») немесе жадында қалған тiл құрылысын өзiне
бейiмдейдi («That’s my chair», «Time to play»
). Ағылшын тiлi
сабақтарының жүйелiлiкке және сапасына байланысты
балалар толық сөйлемдерді құрастыруға үйренеді.
Түсiну
Түсiну сөйлеу тiлiнен әрдайым озық тұрады, және
кiшкентай балалардың ұғынуға қабiлеттiлiгiн зор екенін
ескеріп, контекстiк анықтамалар жиыны негiзiнде ана тiлiн
меңгерудегi олардың жетiстiктерi ескерілуі керек. Алайда,
олар ана тiлiнде естіген әр сөйлемнің толық мағанасын
түсiне алмағанымен, бiрнеше аталы сөздерді түсініп, әр
түрлi анықтамалар қолдана отырып әңгіменің толық мәнін
аңғарады. Егер оларды жағдай жасап қолдаса, балалар
содан кейін ағылшын сөзiнiң мағынасының түсiнуiне бұл
дағдыларды iске асыра бастайды.
Өкпе, реңіш
Кейбiр кiшкентай балалар ағылшын тiлi сабақтарының
бастапқы жаңалығынан кейiн, ер балалар әсiресе,
ағылшын тiлiнде өз ойларын жеткізе алмайтындығына
қамығады. Басқалары ағылшын тiлiнде өз ана тіліндей тез
сөйлеп кеткісі келіп асығады. Өкпені жеңу үшiн, олардың
жетістіктерін көрсету мақсатымен балаларға өлеңдер
немесе есеп жаттау мүмкiндiгiн беру қажет.
www.britishcouncil.org/parents
Ағылшын тiлiн
үйренетін орта
Кішкентай балаларға ағылшын тілін үйрену
үлкендердің түсініктемесімен ана тілінде
түсіндірілмейінше қиындау болады.
•
Ең алдымен балалар қобалжымауы тиіс және
ағылшын тiлiнiң қолдануының қажеттiлiгін білу
өте маңызды.
•
Ағылшын тілінің үйренуі күн сайынғы таныс
қызықты іс-әрекетпен байланысты болуы керек,
мысалы, суреттерi бар кiтапша немесе ағылшын
тіліндегі жеңіл өлеңдер сияқты т.б.
•
Әрбір іс-әрекет ана тілінде ересек адамдардың
түсініктемесімен немесе диалогымен қосталып
отырылуы керек.
•
Ағылшын тiлiнiң сабақтары өте қызықты және
көңілді, олардың тақырыбы балаларға таныс
ұғымға байланысты болуы қажет. Сөйтіп,
балалар бiрден екi жаңа нәрсемен таныспайды
- жаңа ұғым және жаңа тiл, бiрақ ендi олар
белгiлi болған ұғым туралы ағылшын тiлiнде
айтуға үйренеді.
•
Сабақ уақытында арнайы заттарды
қолданған өте жақсы, өйткенi бұл балаға
ұғымдарды түсiнуге көмектеседi және жалпы
қызығушылықты арттырады.
Оқу
Өз ана тілінде жақсы оқи алатын балалар
ағылшын тілінде оқуды сүйсініп үйренеді. Мәтiннiң
мағынасын түсiну үшiн олар сөздерді қалай
талқылау керек екенін біледі. Ағылшын тiлiнде
мәтiндерді оқығанда меңгерiлген техникаларын
қолданып және ағылшын тiлiнде оқуды өз ана
тіліне тән екпінмен оқуды үйрене алады.
Ағылшын тiлiнде оқудан бұрын, балаларға
әлiпбидiң 26 әрiптерiнiң атауы және олардың
таңбаланушы дыбыстарын жаттап алуы керек.
Себебі, ағылшын тiлiнде 26 әрiп болғанымен,
(үйреншiктi ағылшын тiлiнде) орташа санмен
44 дыбыс бар, бала сөйлеу тiлiнде және ағылшын
тiлiнде оқу жағынан жеткiлiктi тәжiрибесi
болғаннан кейін ғана дыбыстардың оқылу
ерекшелігімен танысуды бастауға болады.
Егер бала тiлдi жақсы меңгерген болса, ол
ағылшын тiлiнде оқуды оңай игереді. Суреттерi
бар кiтапшаларды оқып отыратын немесе өлеңдер
жаттайтын көп балалардың өздерi ағылшын
тiлiнде оқуды үйреніп алады, себебі сөздердің
жазылуын еске сақтайды. Мәтiнді жатқа айту
оқудың өте маңызды кезеңі болып саналады
өйткені балаларға сөздердi өз бетімен талқылауда
талқылау жүйесің жасауға мүмкiндiк береді. Бала
оқи алатын сөздерден өз сөз қорын жасайды, ол
өзiн сенiмдiрек сезедi және жүйеленген оқыту
әдiстерімен оқуға дайын болады.
www.britishcouncil.org/parents
Ата-аналық қолдау
Балаларға жетiстіктерге жеткендігін ата-анасының бiлу өте
маңызды. Оларға тұрақты қолдау және мақтау керек, өйткенi
кез келген жетістіктер ынталандырады. Ағылшын тілін үйрену
деңгейi бастапқы болса да және ата-аналар өз балаларымен
тiлді бiрге үйренсе де, басқа адамдармен салыстырғанда, олар
өз балаларына неғұрлым жақсы ықпал бере алады.
Балалармен бiрлескен іс-әрекеттер өткiзе отырып, ата-аналар
ағылшын тiлiндегі қарым-қатынастың отбасылық дәстүрлерiн
бастап ғана емес, сонымен бiрге өз балаларының басқа
тілдерді үйренуге және басқа мәдениеттерге деген көз-
қарастарына ықпал етеді. Көбiнесе өмірге деген көз қарастар
сегiз немесе тоғыз жас шамасында қалыптасады.
Толығырақ ақпаратты
www.britishcouncil.or
g/parents сайтында таба аласыз.
www.britishcouncil.org/parents
British Council ата-аналарға қолғабыс ретінде шығарылған кiтапшалар топтамасының бірі.
Автор: Опал Данн, британ жазушысы және бiлiм сұрақтары бойынша кеңесшісі, RealBook Newsдың негiздеушiсi.
© British Council 2008
The United Kingdom’s international organisation for cultural relations and educational opportunities.
A registered charity: 209131 (England and Wales) SC037733 (Scotland).
Достарыңызбен бөлісу: |