6.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу;
Сабақ мақсаттары
- оқылым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді негізге алып, жинақы мәтін жазады;
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Мен –ғажаппын!» әдісі бойынша оқушылар шеңберге тұрып өздеріне баға береді. Жақсы жақтарынан өзін бағалай алады. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.
Мысалы:
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
- Мен ғажаппын, мен кереметпін.
- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.
Қызығушылықты ояту. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну. Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда кітап, оқу, кітапхана деген сөздер бар.
«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша суреттер көрсетіледі. Суретті көру арқылы тақырыпты баяндайды.
Тілдік бағдар
«Мен –ғажаппын!» әдісі бойынша оқушы өзін ерекше баға береді.
Интербелсенді тақта
Қызығушылықты ояту
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Сабақтың ортасы
мин.
1-тапсырма. Жеке жұмыс. «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша «Кітап туралы ой» мәтінін оқып, негізгі ойды жетекші сұрақтар арқылы анықтаңдар.
1. «Кітап жаһанның басты жаңалығы» дегенмен келісесіңдер ме?
2. Кітаппен достасудан қашқақтап, әр парағын жұлып, қор қылып ұстайтын адамдар туралы не ойлайсыңдар?
3. Мәтін авторының құрбысы сияқты барлық кітапқа аянышпен, жанашырлықпен қарайтын достарың бар ма?
4. «Шын достықтың, ізгі ниеттің, пәк көңілдің, терең ойдың, асыл сөздің қадірін бағалай алмағанымыз ұят қой!». Осы сөздер сендерге қандай ой салды?
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Көңілді доп» ойыны әдісі бойынша ең соңғы оқыған кітаптарыңыз туралы сұхбаттасыңыздар.
Дескриптор -мәтінді оқиды;
- негізгі ойды жетекші сұрақтар арқылы анықтайды;
Дескриптор: - оқушылар оқыған кітаптары туралы сұхбат құрады ;
ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау жүзеге асады.
3 тапсырма. Жеке жұмыс. «Кітап – досың, ұстазың, кеңесшің, ақылшың» тақырыбында себеп-салдар үстеулерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.
Дескриптор 1 Мәтін мазмұнын түсінеді.
2 Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді түртіп алады. Жинақы мәтін түрінде жазады.
3 Себеп-салдар үстеулерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.
ҚБ. «Үздік шығарма» тәсілі.
«Шығармашылық жұмыс» әдісі
Жұмыс дәптер
Соңы 5 мин.
Кері байланыс: «Бес саусақ » тәсілі арқылы оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған сұрақтарына жазады:
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Үйге тапсырма: 159-бет,6-тапсырма.
Мұғалім оқушыларды «Сандық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. 5-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.