Баланың агрессиялық деңгейі (ата-аналарға арналған) (Лаврентьева Г.П., Титаренко Т.М.)
Баланың агрессиялық деңгейін тексеру үшін, кішігірім тест жүргізуге болады.
Әр сипаттаманы өз балаңыздың мінез-құлқымен салыстыру керек.
Сәйкес келген әр сипаттамаға 1 ұпай беріледі, соңында ұпайлар санын қосып, баланың агрессиялылық деңгейін анықтаймыз.
Кейде бойын бір дүлей күш билеп алғандай көрінеді.
Бірнәрсеге көңілі толмаса үндемей тұра алмайды.
Егер біреу оған зұлымдық істесе, ол міндетті түрде дәл солай жауап беруге тырысады.
Кез-келген тапсырманы басқалардан артық орындайтынына сенімді.
0 - 5 ұпай - агрессияның ең төмен деңгейі. Шындығында тұншыққан агрессияға да мән беру керек. Ешқандай агрессия танытпайтын бала - өз қалауын көрсете, көзқарасын қорғай алмайды. Мұндайда психологпен жұмыс жасағаны жөн.
6 - 10 ұпай - агрессияның орташа деңгейі. Орташа агрессияның деңгейі балалардың барлығына тән қалыпты деңгей.
11 - 15 ұпай - агрессияның жоғары деңгейі. Агрессияның жоғары деңгейі де көп балаға тән және ол баладағы эмоциялық бұзылыстармен байланысты. Мұндайда балаға көбірек көңіл бөліп, оның өтініштеріне құлақ асу керек. Баланы жазалағанда да бірізділік болуы тиіс, баланы қорлауға болмайды. Ашуды басудың тәсілдерін көрсеткен абзал. Жанашырлыққа қабілеттілікті дамытқан жөн.
16 - 20 ұпай - агрессияның ең жоғары деңгейі. Баладағы агрессияның жоғары деңгейі анықталғанда психологиялық көмек көрсету үшін маманға жүгінген жөн.
Агрессияның критерийлері (баланы бақылау арқылы)