Тақырыбы-Жай сөйлемнің күрделену жолдары



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата21.03.2023
өлшемі92,65 Kb.
#75660
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тақырыбы-Жай сөйлемнің күрделену жолдары



Тақырыбы:Жай сөйлемнің күрделену жолдары
Жоспар:
Жай сөйлемнің бірыңғай мүшелер арқылы күрделенуі
Үйірлі мүшенің өзіндік белгілері
Айқындауыш мүшелер, түрлері
Сөйлем мүшелері сөйлемде жеке-жеке қолданылумен бірге топ-тобымен де
қолданыла алады. Осындай сөйлем мүшелері бір сөз табынан да жасалады, жəне бір
ғана синтаксистік қызметтегі əр түрлі сөз таптарынан да олардың бəріне бірдей бір-ақ
сұрау қойылады. Бұлардың тұлғалары да көбінесе бір формада болып келеді. Бұндай
мүшелер сөйлемнің барлық мүшелері осылай бір сұрауға жауап беріп, бір синтаксистік
қызмет атқарып, тобымен бəрі сөйлемнің белгілі бір мүшесімен ғана қатынасқа түсіп
сөйлемнің бірыңғай мүшесі бола алады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері санамалы
интонациямен бөлініп-бөлініп айтылады. Яғни олар сөйлемдегі басқа синтаксистік
қатынастағы мүшелер сияқты бірсыдырғы, бір-біріне ұласа айтылмайды. Бірыңғай
мүшелер бірсыдырғы, бір-біріне тең байланысады. Олар бірінен кейін бірі тізбектеле,
арасына басқа мүшелі сөз түспей, əрқайсысы дербес интонациялы кідіріспен
қолданылады, сонысымен басқа мүшелерден ерекшеленіп, өзара бір топқа бірігеді.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері сөйлемнің жеке мүшелері тəрізді байланысады жəне
солар сияқты синтаксистік қатынас жасайды. Ал сөйлемнің құрамын ұлғайтып, көлемін
кеңейтуге бірыңғай мүшелер де зор ықпалын тигізеді. Өйткені сөйлем ішіндегі əрбір
бірыңғай мүшенің жетегінде басқа сөздер болып, олар бірінің үстіне бірі жамала беруі
мүмкін: Осыдан ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін жинап, бастыру, зерттеуге
тиісінше көңіл бөлінбеді (Б.Кенжебаев).
Бірыңғай мүшелер бір-бірімен интонация арқылы немесе жалғаулықтардың
көмегімен байланысады. Сонымен сөйлемде синтаксистік қызметі бірдей, көбінесе
өзара тұлғалас сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер деп аталады.
Олар біріне-бірі бағынбай, өзара салаласа байланысып, барлығы бірдей дəрежеде
бір сөзге қатысты болып тұрады. Бірыңғай мүшелер бір сөзден құралған жалаң не сөз
тіркесінен құралған жайылма болады: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста – сөйлемінде
бірыңғай жалаң толықтауыштар болса, Кəмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасы, сұлу қыздың
көріп пе ең мұндай түрін?! (Абай) – сөйлемінде бірыңғай жайылма анықтауыштар
қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет