Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындығы.
Баланың басқалармен, оқытушымен белсене араласуға деген қасиетінің қалыптасу дайындығынан тұрады. Бала мектепке, сыныпқа келіп жұмыс істеп жатқан балаларды көреді, олармен қарым— қатынас жасау үшін көп күш- жігер керек, компромиске баруы, өзін- өзі қорғана білуі керек. Бұл жағдайлармен халыққа білім беру саласында жұмыс істейтін практикалық психологтар жиі кездеседі. Жыл сайын сәуір айынан бастап тамызға дейін 6-7 жасар балалар мектепке қабылдана бастайды. Әр мектепте балаларды қабылдау әртүрлі әдістермен ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда барлық жерде мектепке психологиялық дайындықтың деңгейі анықталуы тиіс. Бұл кезде психолог көбінесе топтық және жеке даралық психодиагностикалық зерттеулер өткізеді. Топтық зерттеулер барысында балаларда интеллектуалдық дамудың деңгейі, қолдың нәзік моторикасының дамуы, қол мен көз көру іс-қимылдарының координациясы, баланың үлгіні қайталауы жалпы түрде көрінеді. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін Керн-Ирасектің «мектептік кәмелеттікті» анықтауға бағыттайтын тестін қолдануға болады. Оның бірнеше жетістіктері бар: