Тесттің қысқаша сипатталуы.
Я.Йирасиктің бағыттайтын тесті А.Керннің тестінің көшірмесі болып табылады. Ол үш тапсырмадан тұрады: ер адамның суретін салу, жазбаша әріптерді қайта жазу,(үш сөзден тұратын қысқа сөйлемнің көшіріп суретін сал «Ол нан жеді», т.б.),көп нүктелердің көшіріп суретін салу. Я. Йирасик төртінші тапсырманы енгізді, әр бала 20 сұраққа жауап беру керек.
Ер адамның бейнесін көз алдыңызға елестетіп, оның суретін салу керек. Әріптерді және геометриялық фигураға біріктірілген нүктелер тобын қайта жазған кезде бірдей жағдай туғызу керек. Әр балаға 2-3 тапсырмалары бар парақтар таратылады.
3 тапсырмаға нұсқау.
«Мына жерде нүктелер салынған, жанына тура осындай етіп сал».
Орындалған тестті бағалау.
1 тапсырмаға нұсқау. Ер адамның суреті.
1-ұпай мына жағдайда қойылады. Салынған фигурада бас, қол-аяқ, денесі болу керек, мойын болу керек. Басында шашы (немесе қалпақ, шляпа) болу керек. Құлақтар, көздер, мұрын, ауыз. Қолында 5 саусақ болады. Аяқтары қисық, ер адамның киімі салынған. Фигура синтетикалық әдіспен салынған болу керек ( қолды қағаздан алмай, бір контурмен айналып сызуға болады). Аяқ-қолдары денеден «өсіп» жатыр.
2 ұпай қойылады, егер 1 бөлімдегі (синтетикалық әдістен басқасы) талаптар орындалса. Егер синтетикалық әдіс сақталып бір жетіспеушіліктер болса (шашы жоқ, мойны, қолының бір саусағы және т.с.с.)
3 ұпай. Денесі бар өте қарапайым сурет. Аяқ-қолдар жай ғана сызық сияқты салынған (оның біреуі салынбауы да мүмкін)
5 ұпай. Дене оның салынбаған (басы және аяғы), немесе қол-аяғының нақты суреті жоқ.
Адамның бейнесін салу ең ескі диагностикалық әдістерге жатады. 1926 жылы Ф.Гудинаф адам суретінің сапасын бағалау стандарттық сипаттар шкаласын құруға әрекет жасаған. Бұл шкала интелектуалдық даму көзқарасымен сурет бағалауына бағытталған.
1963 ж. Д.Харрис, Ф.Гудинафтың оқушысы, берілген тапсырманың жаңа стандартизациясын өткізді. Гудинаф-Харрис шкаласы 10 информативтік қасиетінің 10 категориясынан тұрады:
1) дене бөліктері, беттің бөліктері;
2) дене бөліктерінің бейнелеуінің көлемділігі;
3) дене бөліктерінің қосу сапалығы;
4) пропорцияларды қосу;
5) киімді бейнелеудің детальдығы, дұрыстығы;
6) фигураны профильде салудың дұрыстығы;
7) карандашпен жұмыс істеу сапасы; түзу сызықтардың нақтылығы мен сенімділігі;
8) формаларды салуда карандашпен жұмыс істеудің еркіндік дәрежесі;
9) сурет салудың техникасының ерекшеліктері (тек үлкен балаларда, мысалы, штрихтеу)
10) фигураның қозғалу мәнерінің берілуі;
Балалардың бейнелеу әрекеті қазіргі таңда өте жақсы зерттелген, оның стадиялары мен информативті қасиеттер анықталған. М.Д.Барретто, П.Лайта, К.Маховер, И.И.Будницкаяның, Т.Н.Головинаның, В.С.Мухинаның, П.Т.Хоментаускаяның және т.б. зерттеулері графикалық бейнелердің ерекшеліктері балалардың ойдық даму деңгейімен корреляциялайды. П.Т.Хоментауская былай деп санайды. Психолог графикалық презентациялардың төмендегі нәрселерге көңіл бөлу керек:
Дене бөліктерінің саны. Басы, шашы, көзі, қарашығы, кірпіктері, қасы, мұрыны, екі беті, аузы, мойны, иығы, алақаны, саусақтары, аяғы, табаны бар.
Декоративтік (киімнің бөліктері және әшекейлері); қалпақ, жаға, галстук, банттар, қалта, белбеу, түймелер, прическасының элементтері, киімнің қиындығы, әшекейлер.
Фигуралардың абсолюттық өлшеулері деинформативтік болуы мүмкін: өз-өзіне сенімді балалар фигураларды үлкен етіп салады; кішкентай етіп қорқақ, күдікті балалар салады.
Егер 5 жастан жоғары балалар суретте беттің бір бөлігін (көз, ауыз) салмай қойса, бұл қарым-қатынас сферасында үлкен ауытқуларды, тұйықталуын, аутизмді көрсетеді.
Суреттің бөліктерге бөлу деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым баланың психикалық дамуының деңгейі жоғары болады.
Өскен сайын балалар суретті жаңа бөліктермен толықтырады. Сол үшін, егер 7 жасар бала дененің бір бөлігін салмай қойса, онда оған көңіл бөлу керек.
Бірақ, берілген тесттің жеке диагностикалық маңызы жоқ, яғни тек оған сүйенуге болмайды: ол үлкен зерттеудің бір бөлігі ғана болады.
Достарыңызбен бөлісу: |