Биологиялық факторға тұқым қуалаушылық жатады. Отандық психологтар екі нәрсе тұқымқуалайды деп есептейді. Олар темперамент және қабілеттілік нышандары. Әр түрлі балаларда орталық жүйке жүйесі түрліше жұмыс істейді. Осылайша, қозу үдерістері басым, күшті және жылжымалы жүйке жүйелер қызба, «жарылғыш» темперамент береді, қозу және тежеу тепе-теңдігі тең жүйке жүйесі – сангвиникалық темперамент және т.б.
Тұқымқуалаушылық нышандар қабілеттердің даму процесіне, оны жеңілдетуіне немесе кедергі жасалуына өзіндік ерекшелігін береді. Қабілеттердің дамуы тек нышандарға байланысты емес. Қабілеттер қызмет кезінде дамиды. Баланың өзіндік белсенділігі соншалықты маңызды, кейбір психологтар белсенділікті психикалық дамудың факторы ретінде қарастырады.
Биологиялық фактор баланың құрсақтағы кезіңнің ерекшеліктерін де қамтиды. (ананың ауруы, сол уақытта қабылдаған дәрілік заттар психикалық дамудың кешігуіне немесе оның ауытқуына әкелуі мүмкін).
Екінші фактор – қоршаған орта. Қоршаған орта баланың интеллектуалды дамуына жанама түрде, яғни, балаларды тәрбиелеу жүйесін анықтайтын осы табиғи аймақтағы дәстүрлі еңбек түрлері мен мәдениет түрлері арқылы әсер етеді.
Баланың дамуына әлеуметтік орта (қоғам, оның мәдени дәстүрлері, басым идеология, ғылым мен өнердің дамуы, қоршаған орта: ата-аналар, отбасы мүшелері, тәрбиешілер, педагогтар, құрдастар ...) тікелей әсер етеді. Осыған байланысты қоршаған орта факторын әлеуметтік деп атайды.
Биологиялық немесе әлеуметтік факторлардың нені білдіретіні ғана емес, олардың өзара қарым-қатынасы туралы да мәселе маңызды. Отандық психологияда қабылданған әлеуметтік және биологиялық ара қатынас туралы қазіргі заманғы идеялар негізінен Выготский Л. С. ережелеріне негізделеді. Ол даму үдерісіндегі тұқымқуалаушылық және әлеуметтік сәттердің бірлігіне айырықша мән берген. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларын дамытуға қатысады. Қарапайым функциялар (сезім мен қабылдаудан басталады) жоғары функцияларға (еркін есте сақтау, логикалық ойлау, сөйлеу) қарағанда көбірек тұқым қуалайды. Жоғары функциялар – адамның мәдени-тарихы дамуының нәтижесі.
Дамудың жақын зонасы – психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын Л. С. Выготский енгізген. Баланың әлеуеттік мүмкіндіктері, яғни оның жақын даму зонасын бірлескен қызметте анықтауға болады. Мәселен, ол өзі істей алмайтын тапсырмаларды орындаған кезде көмектесу арқылы (сұрақтарды қою, шешім принципін түсіндіру).
Өзекті дамуы бірдей балаларда әлеуетті мүмкіндіктері әртүрлі бола алады. Белгілі бір баланың дамуын бағалай отырып, оның өзекті деңгейі ғана емес, сонымен бірге дамудың жақын зонасын да ескеру маңызды. Оқыту дамудың жақын зонасына бағытталуы керек. Выготский Л.С. ойынша, оқу дамыду жетілдіреді. Бірақ ол баланың дамуынан үзілмеуі керек. Балалардың мүмкіндіктерін есепке алмай, жасанды алға басу атүсті дайындауға әкелуі мүмкін, бірақ осылайша дамудың әсері болмайды. С. Л. Рубинштейн Л. С Выготскийдің ойын дәлелдей отырып, даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады.
Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады. Дамуту, тәрбиелеу және оқыту өзара тығыз байланысты және бір процестегі байланыстар ретінде әрекет етеді.
Білім беру мен тәрбиелеудің мазмұны, формалары мен әдістері баланың жасына, жеке және тұлғалық сипаттамаларына сәйкес таңдалуы тиіс.
Сонымен, психикалық дамудың факторлары: