«Баланың сөйлеуін қалыптастырудағы ересектердің рөлі» Ерте жас — баланың танымдық және сөйлеу қабілеттерінің қарқынды даму кезеңі. Дұрыс сөйлей білуі оның дамуына, қоршаған орта мен онда өзін тануына әсер етеді. Бүгінде ерте жастағы балаларда сөйлеу қызметіне әсер ететін жағымсыз факторлардың әсерінен ата-ананың үнемі «жұмысбасты» болып, балаға көп уақыт бөлмеуінен және баламен қарым-қатынастың жиі болмауынан балалардың сөйлеу белсенділігі төмендігі, балалардың көпшілігінің тілі өзінің жасына сәйкес емес екендігі, сөздік қордың жеткілікті дамымағаны және бала тілінің дөрекі екені байқалады.
- ерте жастағы балалардың сөйлеуін дамыту үшін жағдай жасау; - жаңа сөздік ойындарды үйрету арқылы балалардың сөздік қорын байыту, - танымдық процестерді: зейінді, қиялды, есте сақтауды, ойлауды дамыту - балалардың сөйлеуін дамыту мәселелерінде ата-аналардың құзыреттіліктерін арттыру. Бала өмірінің алғашқы жылдары сөйлеуді меңгеруге қарқынды және оның алдағы дамуында маңызы зор кезең болып табылады. Ресей ғалымы Е.А. Аркиннің зерттеулері бойынша белсенді сөздіктің артуы келесідей сандық ерекшеліктермен сипатталады: - 1жаста – 9 сөз -1жас 6 ай – 39 сөз - 2 жаста – 300 сөз - 3 жаста – 1500 сөзге дейін. .