Алғашқы кезең – 5 жасқа дейін Бұл шақта балаға патшадай қарау керек. Тыйым салу орнына, көңілін басқа нәрсеге аударуға тырысыңыз. Егер тәртіп бұзса, қабақ түйіп, қорқытқан түр жасап көріңіз. Мұндай «тілді» балалар жақсы түсінеді. Бес жасқа дейін баланың өмірге қызығушылығы артып, әр нәрсеге көңілі ауып, жаңа дүниені тануға құмар болады. Бұл шақта баланың логикалық ойлауы әлі толық жетілген жоқ. Мәселен, қымбат ыдысты сындырып алса, оны сатып алу үшін көп еңбектеніп, ақша табу керек екенін түсінбейді. Сондықтан, жазалауды әр істен тыю және күш көрсету деп қабылдайды. Демек, оған ыдыс сындырмауды емес, өзінен күшті адамнан қорқуды үйретесіз.
Егер сіз "тәрбие" деген сөздің астарында балаға өз-өзіне көмектесуге септігін тигізу, басқалармен өмір сүруді және ойнауды үйрету, барлық жаңалықтарды абайлап зерделеуге, өз сезімдерін көтеруге, оның мүдделерін дамытуға көмектесуді тұспалдасаңыз, онда тәрбиелеу үлкен мәселе болып табылмайды.
Бұл тіптен оңай емес. Сиқырлы "дұрыс жол" жоқ. Балаңызды тәртіпке келтіретін немесе тәрбиелейтін әдістер отбасыңызды басқалардан өзгешелейтін сол барлық ерекшеліктерге байланысты. Тәртіп - бұл балаға сіз қалаған нәрселерді жасату дегенді білдірмейді. Сіз баланы "жақсы" болуға мәжбүрлей алмайсыз; әрине, кейбір балалар айғай мен шапалақтардан кейін қорыққанынан сізге ұнамайтын нәрсені жасауды доғарады.
Ата-аналары балаларына қарауға үнемі қолдары тимей өз істерімен ғана шұғылданса, ұрыс-керіс немесе қиын уақыттарды бастан кешкен кезде тілазар болады. Сондықтан да, әдетте балалар ата-аналардың мінез-құлқын қайталайтынын есте сақтау маңызды. Бұл жауапкершілікті барынша сезіне отырып өзіңізді қалай ұстайтындығыңызға назар аударыңыз, себебі балалар барлығын тез қабылдап, сіздің жүріс-тұрысыңызды қайталауға тырысады. Келесі кеңестер сізге балаларды тәрбиелеу мәселелерінен хабардар болуға көмектеседі.
Баланың назарын жағымды нәрсеге ауыстыру үшін көңілін аулаңыз немесе өз айла-тәсілдеріңізді қолданып көріңіз
Әдетте кішкентай баланың назарын сіз ұнатпайтын нәрседен жағымды іс-әрекетке аудару оңай. Назарын басқа нәрсеге ауыстыру сіз "бас тартты" дегенді білдірмейді, бірақ оның таңғаларлық жағымды жағы да бар. Егер бала теледидардағы батырмаларымен ойнаса, оған ойын үшін ескі қалта шамды ұсыныңыз немесе теледидарды көрейін дегенде, баладан оны қосуды сұраңыз. Егер қыз бала косметикамен ойнағысы келсе, оған басқа сөмкеге салып, әртүрлі құтылар мен қорапшаларды беріңіз.
Маңызды нәрселерде табандылық таңытыңыз
Балаға ұрысып, оның мазасын алу сізге қажетті нәтиже бермейді. Кішкентай балалар "егер теледидарға тиісуді тоқтатпасаң, мен сені жазалаймын" деген сөздерді тұрақты түрде естіп тұрса, олар бұл сөзді елемеуге тез үйренеді, себебі олар үшін бұл сөздер іс жүзінде ештеңені білдірмейді. Сондықтан түсіндіруді, өз үлгіңізбен көрсетуді және келісуді үйрену, сондай-ақ өз шешімдерінде дәйекті және табанды болу маңызды.