Балалардың сал ауруы Кейінгі жылдары балалардың церебральдық параличі (сал болуы) (БЦП) нерв жүйесінің көп таралған ауруларының бірі болып табылады. Орта есеппен 1000 жаңа туған нәрестенің 6-да аталмыш аурудың белгілері байқалады. «Церебральдық паралич деген термин пренетальды, интрантальды және ерте постнатальды кезеңдерде мидың жетілмеу немесе зақымдану нәтижесінде пайда болған біршама синдромдардың тобын біріктіретін дерт. Негізгі патологтялық ошақ - көбінесе мидың «жас» бөлімдерін- ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді сонымен қатар басқа да әрекеттерді реттейтін мидың үлкен жарты шарлары зақымданады.
БЦП-ның нгеізгі клиникалық белгілері: түрлі қимыл - қозғалу кемістіктері, психикалық бүзылулар және тіл мүкістері.
БЦП-ның нгеізгі себептері: ананың жүктілігі кезінде немесе босану кезінде, немесе бала өмірінің алғашқы жылдарында әртүрлі әсерлері.
Пренетальды кезеңде үрыққа зиянды әсер ететін келесі факторларды атап көрсетуге болады:
-жүкті ананың инфекциялық аурулармен ауруы (вирусты жүқпалы аурулар, қызамық, токсоплазмоз);
-ананың жүрек - қан тамыр және әндокринді жүйелерінің аурулары;
-үрықтың жарақаттанулары мен зақымданулары;
-ана және бала қанының резус-фактор бойынша сәйкес келмеуі;
-физикалық факторлардың әсері (қызыну мен өте қатты тоңу, вибрацияның әсері, оның ішінде ультрафиолетті сәулелер
-кейбір дәрі-дәрмектердің әсері;
-экологияның жағымсыз әсері (ауаның, судың ластануы, азық-түліктегі нитраттардың, уландырғыш заттардың, радионуклидтедің, әртүрлі жасанды қоспалардың көп мөлшерде болуы).
Соңғы жылдары БЦП-нің әтиологиясы болып балаға күрсақта және босану барысында әсер еткен бірнеше себептердің жиынтығы саналады. Көбінесе босану барысындағы жарақаттарға асфиксия қосыла жүреді.
Асфиксия деп - баланың тууы кезінде механикалық қысылу әсерінен оның қанында оттегінің жетіспеушілігі мен көміртегі мөлшерінің тым артық болуы, тыныс алу және жүрек қызметінің бүзылуымен сипатталатын патологиялық жағдай. Асфиксияны, әсіресе клиникалық өлімді бастан кешкен балаларда БЦП-нің пайда болу қаупі өте жоғары болатыны анықталған факт.
БЦП кейбір жағдайда туғаннан кейін нейроинфекциялармен (менингит, әнцефалит аурулары) ауырғанда, бас жарақаттарын алғанда болуы мүмкін. Анықталғандай, БЦП-нің 100-нен 30-ы туа біте, 60-ы туу барысында, 10-ы туғаннан кейін пайда болады.
БЦП-мен ауыратын балаларда барлық қимыл - тірек әректтерінің қалыптасуы тежеледі немесе бүзылады: басты үстау, отыру, түру, жүру әрекеттері мен дағдылары, сонымен қатар манипулятивтік әрекеті өте қиын және кеш қалыптасады. Негізгі клиникалық өзгерістер: бұлшық еттер тонусының бүзылуы (спастика, сіреспелік, гипотония, дистония түрлері).
БЦП аурунда өте жиі бүлшық еттері тонусының жоғарылауы байқалады - спастика немесе жиырылу. Мүндай жағдайда бүлшық еттер жиырылып қалғандықтан аяқтары тізе буындарында бүгіле бір біріне қосылып, сонымен қатар қолдары денесіне жабысып, шынтақ буындарында бүгіле қол саусақтары жиырылып қалады.