Баланың тірек-қимыл жүйесі, маңызы және дамуы Тірек-қимыл жүйесі


Статикалық-кинетикалық рефлекстердің кеміс дамуы



бет4/6
Дата27.10.2022
өлшемі22,66 Kb.
#45627
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6.Тірек қимыл аппараты бұзылған балалардың психологиялық педагогикалық сипаттамасы

Статикалық-кинетикалық рефлекстердің кеміс дамуы. Қалыпты жағдайда статикалық - кинетикалық рефлекстер бала денесінің тік тұруын және ерікті моторикасын қамтиды. Аталмыш рефлекстердің жетілмеуінде балалның бас пен денесін керекті ыңғайлы күйде ұстауы қиынға түседі. Сол себептен өз-өзін дамытуда және еңбек пен оқу дағдыларын игеруде қиналады.
Синкинезиялар - белсенді қимылдарды сүйемелдеп жүретін ерікті ынтымақтастықты қозғалыстар (мысалы, белгілі бір затты бір қолмен алмақ болғанда екінші қол да қосымша бүгіле жүгіреді; бүгілген қол саусақтарын бірден жаза алмайды, ал қол сүйегін толық жазғанда қол саусақтары да жазыла бастайды).
БЦП ауруында қозғалыс кемістіктері түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Ауыр дәрежесінде бала жүру және манипуливтік дағдыларын игере алмайды. Өз бетімен өзін қамти алмайды. БЦП ауруының орта дәрежесінде балалар жүре алады, бірақ жүргенде сенімсіз және арнайы қүралдарды қажет етеді . Осымен қатар олар өз бетімен қала жолдарында да, көлікпен де жүре алмайды. Өзін - өзі күту дағдылары манипулятивтік әрекет сияқты толығымен қалыптаспайды. Жеңіл түрінде балалар өз бетімен үй ішіндегі, сыртқы кеңістікте және қалалық көлікте жүре алады. Бүл балаларда манипулятивтік әрекет толығымен дамып, олар өз өздерін күтеді. Алайда, оларда терім патологиялық тұрыс пен жүрістің бүзылулары және тежелген қимылдар байқалады.
БЦП-ні түзету жүмыстарының негізгі мақсаты - балаларға дәрігерлік, психологиялық, педагогикалық, логопедтік және әлеуметтік көмектердің көрсетуі, олардың толық және мүмкіндігінше ертерек әлеуметтік бейімдеу шараларымен қатар жүргізілуі, жалпы және кәсіби оқытуды үйымдастыру болып табылады. Емдеу және педагогикалық шаралардың тиімділігі нақтылы уақытымен, өзара байланыстығымен, үздіксіздігімен және әр жүмыс бөлімдерінің әрі қарай дамуымен белгіленеді. Емдеу - педагогикалық шаралар комплексті болуы қажет. Комплексті ықпалдың ең маңызды шарты - әр профильді мамандардың келісушілігі, яғни бірлесе көмек беруі болып табылады: невропатолог, психоневролог, емші дәрігер, логопед, дефектолог, психолог және тәрбиеші сияқты мамандардың біліктілігі, нақтылы жоспармен жүмыс істеуі өте маңызды.
Компексті қалыптастыру - емдеу шараларына дәрі-дәрмектер қабылдау, массаждың әр түрлері, емдеу - дене шынқтыру (ЕДШ), ортопедиялық көмек, физиотерапевтік процедуралар кіреді.
БЦП-мен ауыратын балалармен жүргізілетін түзету педагогикалық жүмыстың бірнеше негізгі принциптері бар:
-түзету - педагогикалық жүмыстың кешенді жоспарын сақталған қызметтерге сүйене отырып, онтогенетикалық жүйелі ықпалды ерте бастау;
-ең негізгі қызметке үйене отырып, қажет жұмысты үйымдастыру;
-психикалық даму барысында, тілі қалыптасу кезеңінде баланы қадағалап байқау
баланың қоршған ортасымен, ата-аналарымен тығыз байланыста болуы өте қажет.
Ерте және мектепке дейінгі жастағы балалармен жүргізілетін түзету-педагогикалық жүмыстың негізгі бағыттары:
-коршаған ортамен әмоционалдық, сөйлеу, зат-әрекеттік және ойын арқылы қарым-қатынастарын дамыту;
-сенсорлық қызметтерді (көру,есту,кинестетикалық қабылдау және стереогеноз) ынталандыру;
-кеңістік және уақыттық елестерді қалыптастырумен қатар оның бұзылулары айқындап, оларды түзету;
-интеллект қызметтерінің шарттарын дамыту (зейін, зерде, қиял, есте сақтау, ойлау т.б.);
-математикалық әрекеттерді қалыптастыру;
-көру-қимыл координациясын және қол, саусақтардың әрекеттік мүмкіндіктерін дамыту;
-жазу әрекетін игеруге дайындау;
-өзін-өзі қамту дағдыларын игеруге тәрбиелеу.
БЦП- да қимыл-қозғалыс және сенсорлық жүйелер арасындағы, қимыл-қозғалыс жүйесінің буындары арасындағы,ырықты және ырықсыз қозғалыстар арасындағы өзара әрекет бұзылады.Бұл науқас ми қыртысының жоғары қызметінің бұзылуымен,пирамидалық жолдардың және қыртысасты өзектердің зақымдануымен сипатталады.Көп жағдайда, баланың мүгедек болуына әкеп соқтырады. Кейінгі жылдары бұл ауру балалар арасында кең таралуда. БЦП-мидың ерте онтогенездегі жетілмеуінің немесезақымдануының нәтежисеінде пайда болады БЦП түрлеріне ортақ спецификалық бұзылулар
1. Паралич пен парез
Орталық паралич-ырықты қимыл-қозғалыстар жасаудың мүмкін болмауы. Бала денесін өз қалауымен қозғалта алмайды. Парез-салдың жеңіл түрі, ырықты қимыл-қозғалыстардың шектелуі.Орталық паралиятер мен парездер ,мидағы қимыл-қозғалыс аймағы мен қимыл-қозғалысты жеткізуші жолдардың зақымдануы салдарынан болады.
2.Бұлшық ет тонусының бұзылуы.
Кез-келген қимыл-қозғалыс актісі үшін қалыпты, дұрыс бұлшық ет тонусы қажет.Бұлшық ет тонусының реттелуі,жүйке жүйесінің әртүрлі буындарының, өзара үйлескен қызметімен жүзеге асырылады. БЦП-да бұлшық ет тонусы жоғарылайды.
Бцп-ның гиперкинетикалық формасы,бұлшық ет дистониясымен сипатталады. Дистония-бұзылу, яғни бұлшық ет тонусының құбылмалығы.
3.Сіңірлік және периостальды рефлекстердің күшеюі
Мұндай гиперрефлекция пирамидалық долдардың зақымдануу белгісі болып табылады. Ахиллес нүктесі өкше,тізе,басқа сіңірлік және периостальды рефлекстер өте жоғары, оларды туғызатын аймақтар кең.

4. Синкинезиялар.


Бұл ырықты қимыл-қозғалыстармен қатар жүретін, яғни солармен және патологиялық түрлері болады. Физиологиялық синкинезияларға, мысалы, жүріп келе жатқандағы қолдың қабаттаса қозғалуын жатқызыға болады. 5.Тізбекті тіктелу рефлекстерінің жеткіліксіз дамуы – бұл рефлестер дененің вертикальды күйін және ырықты моторикасын қамтамасыз етеді. Бұл рефлекстердің жеткіліксіз қалыптасуына, баланың денесің, басын қажетті күйде ұстауына кедергі келтіреді.
6. Тепе-теңдік реакциясының қалыптасуы мен қимыл-қозғалысының бұзылуы-Дененің кеңістіктегі орнықты күйі. Дененің тепе-тендігің сақтау, күрделі перифериялық жүйемен, орталық механизмдермен жүзеге асады.
Кез-келген қимыл-қозғалыс актісі үшін қалыпты, дұрыс бұлшық ет тонусы қажет.Бұлшық ет тонусының реттелуі,жүйке жүйесінің әртүрлі буындарының, өзара үйлескен қызметімен жүзеге асырылады. БЦП-да бұлшық ет тонусы жоғарылайды.
Бцп-ның гиперкинетикалық формасы,бұлшық ет дистониясымен сипатталады. Дистония-бұзылу, яғни бұлшық ет тонусының құбылмалығы.

7.Қозғалыс түйсіктерінің бұзылуы – қимыл - қозғалыс функциясының дамуы, қимыл сезімдерімен тығыз байланысты. Қимылды сезіну, арнайы сезім клеткаларының, яғни рецепторлардың көмегімен жүзеге асады.


8. Ырықсыз қимыл – қозңалыстары - БЦП-ң гиперкинетикалық
формасында өте айкын, гиперкинездер түрінде корінеді.
9. Қорғаныс рефлекстері-сал болып қалған аяқ – қолға тітіркендіргіштер әсер еткен кезде, ырықтан тыс жазыулы мен бүгілуі.
10. Патологиялық рефлекстер деп, ересек сау адамда пайда болмайтын, тек жүйке жүйесінің зақымдануында ғана байқалатын,мидың тежеуші әсерінің төмендеуімен байланысты.
11. Позотондық рефлекстер туа біткен, шартсыз рефлекстік қимыл-өозғалыс автоматизмдеріне жатады.
БЦП-мүлде қозғала алмау емес, бұлшық ет қозғалысы үдерісін еркін басқара алмау.Балалардың сал ауруында кемістіктің күрделі құрылымы орын алады. Қимыл – қозғалыс кемістігінің туралы жаң-жақты
қарастырғанымызда, бұл кемістіктің психикалық даму бұзылуымен өзара байланысы бар. асында өте айкын, гиперкинездер түрінде корінеді. Кеңес Одағында мұндай балаларды емдеу әдістерін жасауға айрықша үлес қосқан ғалым К.А.Семенова, оларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жасаған М.В.Ипполитова. Қазіргі кезде тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың клиникалық-психологиялық ерекшеліктері туралы, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі туралы деректерден, үлкен көлемді материал жинақталған,сөйтіп, арнайы психологияның бұл саласы шетелдерде, біздің елімізде де жедел даму үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет