реполяризацияның өзгеруі (Т тісшесінің вольтажының төмендеуі және SТ аралығының
қысқаруы) тән болып келеді. Кейде синоаурикулярлы, вентрикулярлы, қарынша ішілік
блокада, экстрасистолия жазылып, өткізгіштігінің бұзылуы байқалады.
Ересек балаларда көбіне клиникалық белгілерге зәру, қан айналым шамасыздығының
белгілері байқалмайтын ошақты миокардиттер жиі кездеседі. Науқастардың шағымы
әлсіздік, басы айналу, жүрек тұсының ауруы, жүрек соғуын сезіну сияқты әртүрлі болып
келеді. Аускультацияда тахи- немесе брадикардия, кейде экстрасистолия сияқты және т.б.
аритмиялар, «шоқырақ» ырғағы анықталады. Электрокардиографияда да қалыпты
көрсеткіштерден қарынша кешенінің (SТ және Т) өткізгіштігінің, қозуының сияқты
бұзылыстарға дейінгі белгілер байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: