Жыл бойы профилактикасында бициллин-5 қолданылады. Оның әсері 3-4 апта бойы
сақталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға 2-3 аптада бір рет 750 000 бірліктен, мектеп
жасындағы балаларға 1 500 000 бірліктен 4 аптада бір рет етке егіледі. Күзде және
көктемде әр жасына 0,1г есебінен (бірақ тәулігіне 1г-нан артық болмауы керек) 4-6 апта
бойына ацетилсалицил қышқылы қолданылады.
Жүрек ақауы құралмаған немесе жүректе айқын өзгеріссіз, хорея бар алғашқы
ревмокардитте, ұстамадан кейін 3 жыл бойы алдын-алу жұмыстары, содан кейін 2 жыл
бициллин және ацетилсалицил қышқылына мерзімді алдын-алу жұмысы жүргізіледі.
Жүрек ақауы пайда болған хорея бар созылмалы енжар және үзіліссіз қайталама дамыған
алғашқы ревмокардитте және қайталама ревматизммен ауырған барлық балаларға жыл
бойы алдын-алу жұмыстары 5 жыл қатар жүргізіледі.
Бициллинді егер алдында толық және ұқыпты түрде аллергологиялық мағлұматтар,
әсіресе пенициллинге аллергиялық реакцияның бар жоғы туралы жинау керек. Егер ондай
мағлұмат бар болса, бициллин жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: