көріністермен білінеді. Ең жиі білінетін клиникалық белгісі бауыр мөлшерінің ұлғаюы,
пальпациялағанда оның қырларының ауруы есептеледі. Бұл кезеңде диагноз қою үшін
қандағы АЛТ, АСТ және гепатоспецификалық энзимдердің активтілігінің артуы, қандағы
HbsAg және HbeAg, анти-HBc IgM, ДНК-вируcтардың концентрациясының артуының
маңызы үлкен. Осы кезеңнің соңғы жағын ала зәрдің күрт қоңырлануы және нәжістің
түссізденуі (сарғаюдың пайда болуынан 1-2 күн бұрын) байқалады.
Сарғаю кезеңі
біртіндеп сарғаюдың қарқындылығының артуы, интоксикациялық
және диспепсиялық белгілердің, ішінің ауруының күшеюімен, брадикардия, қан қысымы-
ның төмендеуі сияқты ваготония белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Дақты-
папулезді бөртпе, буындардың ауруы байқалуы мүмкін. Сарғаю кезеңі, дерт асқынусыз
ағымды болса, шамамен 1 айға созылады.
Қалыптасу кезеңі
2-15 айға созылады.
Достарыңызбен бөлісу: