күтім шараларының мақсатын түсінеді
2. Құнарлы тамақтандыруды
ұйымдастыру
а) витаминдер (жемістер, көкөністер,
табиғи шырындар)
б) кальций (қышқыл-сүт өнімдері,
сүзбе, ірімшік)
в) темір (аскөк, қызылша, анар,
бауыр)
Ескерту:
геморрагиялық васкулиті бар
балалар күтімін ұйымдастыруда
тағамнан облигатты аллергендерді
(цитрустар, балық уылдырығы, шоколад,
құлпынай, сүт, т.б.) алып тастайды
Қанның кез-келген ауруларында бала әлсірей-
ді, оның иммунитеті төмендейді, нәтижесінде
организм витаминдерді қажет етеді;
Кальций тамыр қабырғасын нығайтады,
қанның ұюын жақсартады
Темір эритроциттерде гемоглобин түзілу үшін
қажет
Геморрагиялық васкулит инфекциялы-
аллергиялық ауру болып табылады
3. Науқас баланы және оның
туыстарын темір препараттарын
қабылдауға үйрету
Темір препараттарын тамақ арасында қабыл-
дап және оны табиғи шырынмен ішу керек (цит-
русты шырындармен). Темір препараттарын
сүтпен ішуге болмайды
4. Еңбек пен демалысты
ұйымдастыру кезінде физикалық
жүктемені шектеу
Кез-келген қан ауруында әлсіздік, енжарлық,
жұмысқа қабілетінің төмендеуі байқалады
Физикалық жүктеме қан құйылуларды, қан ке-
тулерді, геморрагиялық бөртпелерді күшейтеді
5. Балаларды жарақаттардан қорғау
керек
Қан кетуге, қан құйылуға әкелетін жарақат,
аурудың ағымын қиындатады
6. Салқын тию ауруларының және
қосал-қы инфекциялардың
қосарлануына қарсы алдын алу
шараларын ұйымдастыру
Қан ауруларында науқас баланың иммунитеті
төмендейді
Инфекциялардың қосарлануы аурудың
асқынуына алып келеді
Достарыңызбен бөлісу: