Бұл жастағы балалар өздері жуынып сүртінеді, тістерін тазарта алады, төсектерін
жинай алады. Сіз тек көмектесіп отырыңыз. 7 жастағы бала унитазға отыратын болуы
керек.
АРНАУЛЫ САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сабақтардың мазмұны:
1. Қоршаған ортамен таныстыру және сөз сөйлеуді дамыту.
2. Математикалық элементтердің ұғымдарын дамыту.
3. Сурет салу.
4. Іс жасау.
5. Құрастыру немесе аппликация.
6. Ән сабағы.
7. Дене шынықтыру сабағы.
Күн сайын 15–20 минуттан 2 мезгіл сабақ жүргізіледі, үзіліс 5–10 минут (4–5
жастағылар үшін), ал 5 жастан 6 жасқа дейінгілерге сабақтың ұзақтығы 20–25 минутқа
дейін ұзартылады.
БАЛАЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ең маңыздысы сюжеттік-рольдік ойындар («Қызы мен анасы», «Космонавт»).
Құрылыс ойындары, итке үйшік құрастыру, қонақ шақыру және т.б. Тәрбиеші ойындарды
ұйымдастырып, ойыншықтар іріктеп, балаларға жөн сілтеп отыруы керек. Үлкен балалар
ойын түрлерін өздері ойлап табады, ал тәрбиеші баланың тілегіне дұрыс қарап, уақытымен
көмектесіп, шыдаммен тыңдап, оның дербестігін дамытуына көмектесуі қажет.
Сезім мүшелерінің дамуы.
Сезім мүшелері (анализаторлардың шеткі бөлігі) туылу
кезінде құрылымдық жағынан толық қалыптасқан, бірақ қыртыстық орталықтар
жетіспегендіктен жеткіліксіз жұмыс істейді.
Терінің сезімталдығы
. Тері сезімталдығын бос нерв талшықтары (ауырсыну
қоздырғыштары) және инкапсулданған нерв талшықтары (қоздырғыштар бойынша
мамандандырылған денешіктер) қамтамасыз етеді. Ауырсыну сезімталдығы балада құр-
сақішілік кезеңнің 3-ші айында пайда болады. Нәрестелерде сезу табалдырығы, ересек
балаларға және үлкен кісіге қарағанда, жоғары болып келеді. Балаларда ауырсыну
қоздырғыштарына жауап жайылған (генерализацияланған, жалпы) сипатты болады.
Достарыңызбен бөлісу: