Терінің тыныстық қызметі көмір қышқылы мен суды қоршаған ортаға шығару
арқылы орындалады. Терінің бұл қызметінің маңызы өте үлкен және, ересектерге
қарағанда, 8 есе артық. Терінің ауданының 2/3 бөлігінің зақымдалуы (күю, ауа өткізбейтін
майлар жағу және басқалар) баланың тұншығып (демалысы жетпегендіктен) өлуіне әкеліп
соктыруы мүмкін.
Терінің жылуды реттеу қызметі жетілмеген, әсіресе, жаңа туған және емшек
жасындағы балаларда анық байқалады. Осыған орай, балалар тез тоңып немесе тез қызып
кетеді. Терінің беті үлкен, эпидермис жұқа, капиллярлары көп, және олар орталық нерв
жүйесінің реттеу әсерінің толық жетілмеуіне байланысты, жеңіл, бірақ нашар тарылатын
болғандықтан, дене жылуын көп және тез жояды. Сондықтан, ерте жастағы балалардың
денесі тез салқындайды. Қоршаған ортаның қызуы жоғарылағанда капиллярдағы қан
мөлшері көбейеді, жылуды шығару және өткізу жолымен беруі молаяды. Терімен
қоршаған ортаның жылуы теңескенде жылу беру процесі тоқтайды. Қоршаған ортаның
қызуы одан әрі көтеріле берсе, тері қызу жоғалтудың орнына өзі қыза бастайды. Бұл
жағдайда жылуды өткізу және сәулелену арқылы шығару тоқтап, тек қана булану арқылы
жүреді. Бірақ, бір жасқа дейін булану арқылы жылу шығару мүмкіндігі жетіспейтін
болғандықтан, дене қызуы көтеріледі. Тек қана 2–3 жастан бастап дене қыза бастағанда,
булану арқылы қызу шығару жеткілікті болады.
Тері – сезім мүшесі болып түйсіну, ауру және қызу қоздырғыштарын қабылдайды.
Жаңа туған балада экстрарецепторлар жақсы дамыған және қоздырғыштарды қабылдай
алады.
Терінің су алмасуда атқарар маңызы зор. Емшек жасындағы балалардың терісінде су
10
– 17% болса, ересектерде 6
– 8%. Терінің фосфор мен кальций алмасуда маңызы зор.
Теріде ферменттер, иммундық денелер, витамин «Д» түзіледі. Бұл процесстің, әсіресе
емшек жасындағы балаларда, маңызы үлкен. Теріде организмді сенсибилизациялау
процесіне қатысатын гистамин түзіледі.