Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


Көңіл-күйінде қозу мен мінезсіздіктің (негативизмнін)



Pdf көрінісі
бет136/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Көңіл-күйінде қозу мен мінезсіздіктің (негативизмнін) 
байқалуы. Жалпы қозумен
бірге жақсы көңіл-күйі (эмоциясы) жойылады, бала кез-келген нәрсеге ашуланып, айқай-
лап жылайды, тамақтан бас тартып, ойыншыктарын лақтырады. Нені қажет ететінін өзі де
білмейді. Ұйықтай алмайды, көтеріп жүруді өтінеді. Терісінің сезімталдығы артады, сәл
тигенде күрт жауап береді. Көрпесін ашып тастайды. Тері және сіңірлік бейнелістері
артады.
Қозудың есінің қараюымен қосарлануы. 
Қозу кезеңдері уақытша тынышталумен,
енжарлық және ұйқышылдыкпен алмасып отырады. Бала басын сүйеп отырады. Терісінің
сезімталдығының жоғарлығы сақталады, рефлекстер жоғары немесе қалыпты болуы
мүмкін.
Есінің қараюы (сомноленттігі).
Енжарлық және ұйқышылдық ұдайы байқалады,
бірақ ұйқысы қысқа және беткейлі болып келеді. Айқалап жылаудың орнына жәй
ыңқылдайды, күтім жасаған адамға жауабы білінбейді. Қарағанда және құндақтағанда
әлсіз ғана жауап береді. Тері сезімталдығы және сіңірлік рефлекстер төмендейді.
Есеңгіреу (ступор).
Науқасты мелшиіп қатып қалған жағдайынан қозғау қиынға
түседі, тек қатты жұлқылап қана қозғауға болады.
Көбіне қимылдық мазасыздану кезеңдерімен атетоз тәріздес қимылдар байқалады.
Рефлекстер төмендейді. Ауырлық қоздырғыштарға жауабы айқын, бірақ қысқа болады.
Сопор. 
Терең «ұйқы», есінен танып қалу. Баланы жұлқылап, ояту мүмкін емес. Тері
сезімталдығы толық жойылады, сіңірлік рефлекстер үлкен күшпен анықталады, бірақ
ұзаққа бармайды. Ауыртқанға (егуге) жауабы айқын болмайды. Көз қарашығының, мүйізді
қабығының рефлекстері сақталады. Ақыл-есі өте әлсіз, жұтына алады.
 
Кома. 
Науқас ессіз-түссіз болып келеді. Рефлекстер, тері сезімталдығы, егуге жауабы
толық жойылады. Қарашығы кеңейіп, жарыққа жауабы жойылады, мүйізді қабығының
рефлексі жойылады.
Команы 3 сатыға бөледі:
Кома – 1. Көзін ашпайды. Қорғаныстық қимылдары координациясыз болады. Қарашық-
тық рефлекс сақталып қалады.
Кома – 2. Аурулық рефлекстер мен қарашықтық рефлекстер жойылады. Тыныс алуы мен
жүрек қызметі сақталады.
Кома – 3. Тынысы дөрекі өзгереді, систолалық кысым 60 мм сынап бағанасынан төмен
түседі, көз алмасы қозғалмайды.
Күнделікті өмірдегі әрекетінің белсенділігіне қарай науқас балалардың төсектегі
қалпын 3 топқа бөледі: 
1. Еркін немесе активті (әрекетті). Науқас төсекте еркін қозғала алады. Бұл жағдай
баланың жасына байланысты қозғалыс мүмкіншіліктеріне сай шешілуі керек (мысалы:
жаңа туылған нәрестелер).
2. Қимылсыз не пассивті (енжар) қалып. Төсекте жатқан науқас өз бетімен қоз ғала
алмайды. Төсекке қалай жатқызса солай жата береді. Бұл жағдайда да баланың жасына
байланысты қозғалыс мүмкіншілігіне сай анықтау керек.
3. Мәжбүр қалып. Науқас баланың жағдайын жеңілдететін қалпын қабылдауы.
Мысалы: жүрек ауруларында амалсыз оң бүйіріне жатады, менингитте бір бүйіріне,
басын шалқайтып екі аяғын ішіне тартып, жатады, амалсыз төрттағандап отыру
перикардитте байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет