Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет158/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

Кеуде қуысын тексеру. 
Шұңқыр тәрізді кеуде — кеуде қуысының бөлігінің шұңқыр
тәрізді болып төмен түсетін іштен біткен ақау. Бала кеудесіде қалыпты жағдайдан жиі
ауытқып, конус, цилиндр тәрізденуі, төс сүйегінің ілгері қарай шығуы («тауық кеуде» – 
42
сурет), 
ішке қарай майысып («етікші кеудесі»), жалпаюы байқалады.
Жүрек тұсындағы дөңес (жүрек бүкірі)
. Іштен туа болған жүрек ақауында кезде-
седі. Гаррисон сайы 
(43 сурет) 
– көк еттің кеудеге бекітілетін жері ішке қарай тартылып,
сай тәрізденіп тұрады. Ал, кеуденің төменгі қалқаны сыртқа қарай қайырылып тұрады.
Қабырға таспиығы».
V-VІІІ қабырғалардың шеміршек бөлігінің сүйектік бөлігіне
ауысар жерінде бұлтық тәрізді сүйектің жуандауы
.
Бұл өзгерістер мешел аурулармен
«
науқастанған балаларда кездеседі.
182


41-сурет.
 
Рахиттік кифоз
42-сурет.
 «Тауық кеуде»
43 сурет.
 Гаррисон сайы
Кеуде қуысының бір жағының томпайып, қабырға аралықтарының тегістелуі су
жиналатын (экссудативті) плевритте, ал ішіне тартылуы өкпенің солуында, өкпе қабынуда,
сиректеу туберкулезде, бронхитте, кеуде қуысының қозғалысының тежелуі жедел өкпе
эмфиземасында, ентікпенің ұстамасында, экссудативті плевритте, қабырға аралық
нервтердің невриттерінде, көк ет асты іріндегенде кездеседі.
Жамбас ерекшеліктері.
Сүйек-бұлшық ет жүйесінің бір ерекшелігі, жастық кезде
сүйектенуіне байланысты, бір жамбас құратын, жамбас қанқасының бала мен бозбалада
құйымшақтық омыртқалар жамбас сүйегінің бөліктерінің арасындағы шеміршекті
байланыс болып табылады. 12-13 жасқа дейін ер және қыз балаларда жамбас құйық
тәріздес болады. Содан соң қыз балаларда шонданай бұдырларының аралығы үлкейіп,
қасаға сүйектері арасындағы бұрыш ер балаларға қарағанда доғалдана түседі де,
жыныстық айырмашылық пайда болады. Жамбас қанқасының деформациясы іштен туа
және одан кейін пайда болған болуы мүмкін. Ұршықтың басындағы ойықтың жетілмеуі
іштен туа болған ұршық буының шығуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет