41-сурет.
Рахиттік кифоз
42-сурет.
«Тауық кеуде»
43 сурет.
Гаррисон сайы
Кеуде қуысының бір жағының томпайып, қабырға аралықтарының тегістелуі су
жиналатын (экссудативті) плевритте, ал ішіне тартылуы өкпенің солуында, өкпе қабынуда,
сиректеу туберкулезде, бронхитте, кеуде қуысының қозғалысының тежелуі жедел өкпе
эмфиземасында, ентікпенің ұстамасында, экссудативті плевритте, қабырға аралық
нервтердің невриттерінде, көк ет асты іріндегенде кездеседі.
Жамбас ерекшеліктері.
Сүйек-бұлшық ет жүйесінің бір ерекшелігі, жастық кезде
сүйектенуіне байланысты, бір жамбас құратын, жамбас қанқасының бала мен бозбалада
құйымшақтық омыртқалар жамбас сүйегінің бөліктерінің арасындағы шеміршекті
байланыс болып табылады. 12-13 жасқа дейін ер және қыз балаларда жамбас құйық
тәріздес болады. Содан соң қыз балаларда шонданай бұдырларының аралығы үлкейіп,
қасаға сүйектері арасындағы бұрыш ер балаларға қарағанда доғалдана түседі де,
жыныстық айырмашылық пайда болады. Жамбас қанқасының деформациясы іштен туа
және одан кейін пайда болған болуы мүмкін. Ұршықтың басындағы ойықтың жетілмеуі
іштен туа болған ұршық буының шығуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: