Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар, тауарлардың (жұмыстардың



Pdf көрінісі
бет16/979
Дата26.09.2024
өлшемі16,27 Mb.
#145799
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   979
Байланысты:
Б Түсіпқалиев Балалар ауруының пропедевтикасы

4-тарау.
Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар, тауарлардың (жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау және жарнама 
 16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар
1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың түрлері:
1) денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттары;
2) денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдер стандарттары;
3) медициналық және фармацевтикалық білім беру стандарттары;
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласындағы стандарттар.
2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
5-тарау. 
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
 
19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан
Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ
денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және
оларды жоюға бағытталған шаралар кешенін білдіреді. 
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау:
1) медициналық қызметтер көрсету;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық
техниканың айналысы саласында жүзеге асырылады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге
де нысандарда жүзеге асырылады. 
Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік инспектор немесе бас мемлекеттік
санитариялық дәрігер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың іс-әрекеттерге
(әрекетсіздікке) немесе актілерге берген арызы (шағымы) бойынша шешімдер


шығарылғанға дейін төмен тұрған бас мемлекеттік инспектордың немесе бас мемлекеттік
санитариялық дәрігердің актісінің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оны кері
қайтарып алуға құқылы.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   979




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет